Описание

О курсе

Шарипова Д.Б. магистр, сеньор -лектор,

1.ЖАОК сипаттамалары

Пән еңбек нарығының қызмет етуі және оның экономикадағы рөлі туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Мазмұны еңбекке сұраныс пен ұсынысты, жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты, жұмыс күшінің сапасы мен еңбек мобильділігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек нарығын талдауды қамтиды. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы еңбек нарығы процестерін талдап, жұмыспен қамту шараларын әзірлейді.

1.3 Пәннің мақсаты: білім алушыларға еңбек нарығының қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, еңбекке сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктерін, жалақыны қалыптастыру тетіктерін, жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың себептерін зерттеу, сондай-ақ еңбек нарығындағы экономикалық үдерістерді талдау және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

1.4 Пәнді оқыту міндеттері:

 еңбек нарығының экономикалық мәнін түсіндіру;

 еңбек ресурстары мен жұмыс күшінің құрамын анықтау;

 еңбекке сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктерін зерттеу;

 еңбек нарығындағы тепе-теңдікті талдау;

1.5 Пәнді оқыту нәтижелері:

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шараларын әзірлеу үшін еңбек нарығының процестерін талдайды.

1.6 Пререквизиттері: Экономикалық теория, Кәсіпорын экономикасы.

1.7 Постреквизиттері: Өнеркәсіп экономикасы, Шығындарды басқару