Курс туралы
Сарсенбаева К.А.. – сеньор-лектор,
Бекбусинова Г.К. – э.ғ.к., ассисент-профессор,
ЖАОК сипаттамасы: курстың мақсаты білім алушылардың қаржы нарығының экономикалық мәні, құрылымы, қызмет ету қағидаттары мен негізгі сегменттері туралы теориялық және тәжірибелік білімдерін қалыптастыру, қаржылық құралдар мен қаржы нарығының негізгі қатысушыларының қызметін меңгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы және әлемдік қаржы нарығындағы үдерістерді талдау мен бағалау үшін қажетті кәсіби дағдыларды игеру болып табылады.
Оқу міндеттері:
1. Білім алушыларды қаржы нарығының экономикалық мәні, құрылымы, функциялары және даму қағидаттарымен таныстыру;
2. Қаржы нарығының негізгі сегменттерімен таныстыру: ақша, депозит, несие, валюта, бағалы қағаздар және сақтандыру нарықтарының ерекшеліктерін түсіндіру;
3. Білім алушыларға қаржы нарығының негізгі қаржылық құралдарының түрлерін, сипаттамаларын және қолданылу ерекшеліктерін үйрету;
4. Банктер, инвестициялық қорлар, сақтандыру ұйымдары, қор биржалары және басқа да қаржы институттарының қаржы нарығындағы қызметін меңгерту;
Оқу нәтижелері: Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы экономикалық қызметте басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде қаржы құралдарын қолдана отырып, қаржы нарықтарының қазіргі жағдайын талдай алады.
Пререквизит: Қаржы.
Постреквизит: Бағалы қағаздар нарығы, Қор биржалары, Халықаралық валюта-несиелік қатынастар.