Онлайн-курс

Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру

Сипаттама

Курс туралы

Таханова Гаухар Талгатовна – магистр экономики, сеньор-лектор,

1. ЖАОК-тың сипаттамасы – Курс студенттерде инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру саласындағы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған. Курс аясында инвестициялардың экономикалық мәні мен түрлері, инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері мен әдістері, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және несиелендіру тетіктері қарастырылады. Оқу барысында студенттер банктік несиелендіру, лизинг, ипотекалық несиелеу, шетелдік инвестициялар тарту, инвестициялық жобаларды талдау және олардың қаржылық тиімділігін бағалау әдістерімен танысады. Сонымен қатар, инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау, қаржылық тәуекелдерді басқару, бизнес-жоспарлау, инновациялық инвестициялар және халықаралық инвестициялық ынтымақтастық мәселелері қамтылады. Курста инвестициялық үдерістерді цифрландыру, жасанды интеллект, Big Data және блокчейн технологияларын қолдану, инвестициялық шешімдер қабылдау және жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

1.1 Оқытудың мақсаты: студенттерде инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру саласында жүйелі теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, инвестициялық қызметтің экономикалық негіздерін меңгерту, инвестицияларды қаржыландыру көздері мен әдістерін игеру, инвестициялық жобаларды талдау және бағалау дағдыларын дамыту, банктік несиелендіру, лизинг және ипотекалық несиелеу құралдарын тиімді қолдану арқылы инвестициялық жобалардың қаржылық тұрақтылығы мен экономикалық тиімділігін арттыру.

1.2 Оқытудың міндеттері:

  • инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру саласының теориялық негіздері мен негізгі ұғымдарын меңгерту;
  • инвестициялық қызметтің негізгі түрлері мен қаржыландыру көздерін анықтау әдістерін үйрету;
  • инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тиімді әдістері мен тетіктерін меңгерту;
  • банктік несиелендіру, лизинг және ипотекалық несиелеу ерекшеліктерін түсіндіру;
  • шетелдік инвестицияларды тарту және инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау механизмдерін қарастыру;
  • инвестициялық жобалардың құрылымы және бизнес-жоспарлау қағидаттарын меңгерту;
  • инвестициялық жобаларды қаржылық талдау және экономикалық тиімділігін бағалау дағдыларын қалыптастыру;
  • инвестициялық тәуекелдерді анықтау, талдау және басқару әдістерін үйрету;
  • цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын инвестициялық қызметте қолдану дағдыларын дамыту;
  • инвестициялық жобалар бойынша тиімді қаржылық шешімдер қабылдау және оларды негіздеу қабілетін дамыту.

1.3 Оқу нәтижелері: студенттер инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру саласының негізгі ұғымдары мен теориялық негіздерін түсіндіре алады, инвестициялық қызметтің түрлері мен қаржыландыру көздерін анықтайды, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және несиелендіру әдістерін талдайды, банктік несиелендіру, лизинг және ипотекалық несиелеу тетіктерін қолдану ерекшеліктерін сипаттайды, инвестициялық жобалардың құрылымы мен өмірлік циклін бағалайды, бизнес-жоспарлар әзірлеп, инвестициялық жобалардың қаржылық тиімділігін есептейді, инвестициялық тәуекелдерді анықтап, оларды басқару жолдарын негіздейді, шетелдік инвестицияларды тарту және мемлекеттік қолдау механизмдерін талдайды, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын инвестициялық қызметте қолданады және инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша тиімді қаржылық-басқарушылық шешімдер қабылдай алады.

2. Пререквизиттер: Экономикалық теория, Қаржы, Ақша, несие және банктер.

3. Постреквизиттер: Инвестициялық жобаларды талдау, Кәсіпорын қаржысы, Қаржылық менеджмент.

4. Академиялық кредиттер саны / МООК ұзақтығы: 5 кредит.

5. Курстың күрделілік деңгейі: орташа.