Enrolment options
Психология
Социально-гуманитарные дисциплины
1. ЖОАК сипаттамасы
1.1 Оқу мақсаты: «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік
бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде
(контекстінде)
білім
қалыптастыру.
1.2 Оқу міндеттері:
алушылардың
әлеуметтік-гуманитарлық
дүниетанымын
1) негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші
жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
2) қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі
принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
3) заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын
дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын
қалыптастыру;
4) студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі
көздері мен әдістерін игеру;
5) әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану
дағдыларын үйрету;
6) сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.
1.3 Оқу нәтижелері:
1) оқу пәнінің модулін құрайтын барлық ғылымдар саласының (әлеуметтану,
саясаттану, мәдениеттану, психология) пәндік білімін түсіндіре және жеткізе алуы (ұғым,
ой, теория);
2) әлеуметтік-саяси модуль пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің
өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;
3) нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мәнмәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде
ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;
4) оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әртүрлі
саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;
5) әлеуметтік және тұлғааралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар,
қазақ қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;
6) қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық
институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;
7) қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік,
мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды
сараптау;
8) нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды
зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу;
9) ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында
қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның
даму болашағын жобалай алу;
10) кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде
бағдарламалар жасай алу;
11) түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу,
қоғамдық бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау;
12) әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді
түрде қорғай білу.
2. Пререквизиттер: мектеп бағдарламасы, Қазақстан тарихы.
3. Постреквизиттер; оқу бағдарламасына сәйкес пәндер.
4. Академиялық кредиттер саны: 8/2
5. Курстың қиындық деңгейі: бастаушы
Guests cannot access this course. Please log in.