Варианты зачисления на курс
Басқару eceбi
Финансы и учёт
Кабиева Асем Темиргалиевна — PhD, ассистент-профессор,
ЖАОК-тың сипаттамасы: «Басқарушылық есеп» пәні – ұйымның ішкі басқару жүйесінде шешім қабылдау, жоспарлау, бақылау және талдау мақсатында экономикалық ақпаратты жинау, өңдеу және пайдалану қағидаларын үйрететін кәсіби бағдарланған пән.
Бұл курс студенттерге басқарушылық есептің теориялық негіздерін, шығындарды есепке алу мен калькуляциялау әдістерін, маржиналдық талдау мен бюджеттеу жүйесін меңгеруге мүмкіндік береді. Пән өндірістік және қаржылық процестерді тиімді басқаруға бағытталған деректерді талдауға, шығындар мен табыстар арасындағы өзара байланысты түсінуге, сонымен қатар кәсіпорынның нәтижелілігін арттыруға қажетті аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастырады.
1.1 Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ұйымның шаруашылық қызметінің есебін жүргізу ерекшеліктерін, кірістері мен шығыстарын калькуляциялау әдістерін меңгеру дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәннің мазмұны ұйымдарда басқарушылық есепті ұйымдастыру, кірістер мен шығыстардың есебін жүргізу, жауапкершілік орталықтары арқылы өндірістік есептілікті құру, өнімнің өзіндік құнын қалькуляциялау әдістерін үйретеді және басқарушылық шешімдер қабылдау қабілетіне ие болады.
1.2 Пәннің міндеттері: - бизнес бірігуі кезінде сатып алу әдісін қолдануды мен шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау және ұсынуды үйрену;
- қаржылық құралдарды, қауымдасқан және бірігіп бақыланатын компанияларға инвестицияларды есепте тану, бастапқы және кейінгі бағалау, олардың кәсіпорынның қаржылық іс әрекетінде қолданылуын түсіну, қаржылық есептілікте ақпарат ашу;
- жалгерлік қарым-қатынас, кейінге қалдырылған табыс салығын, шетелдік валюталық операциялар, инвестициялық меншік, сатуға арналған айналымнан тыс активтер және тоқтатылған қызмет, қауымдастырылған және бірігіп бақыланатын ұйымдарға инвестициялар есебі және қаржылық есептілікте ашылу және ұсыну жағдайларын үйрету;
- есеп саясатына өзгерістер, бухгалтерлік бағалаулар мен қателер, байланысты тараптар туралы ақпаратты қаржылық есептілікте ашу және ұсынуды үйрету.
1.3 Оқыту нәтижелері. Басқарушылық және қаржылық есепке алу арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға талдау жүргізеді, өндірістік есепке алудың жоспарлаумен, есепке алу объектілерімен, шығындарды есепке алу әдістерімен және өнімнің өзіндік құнын есептеумен байланысын белгілейді. Күрделі салымдар саласында дербес шешімдер қабылдайды, өндіріс шығындарының жиынтық есебін жүргізеді және басқару есебі саласындағы білімді практикада қолданады.
2. Пререквизитері. Бухгалтерлік есеп негіздері
3. Постреквизиттері. Аудит1, Аудит 2
4. Академиялық кредит саны/ЖАОК-тың ұзақтығы: 5 кр./1 семестр
5. Курстың меңгеру деңгейі: Бұл курс студенттерге басқарушылық есептің негізгі теориялық және қолданбалы негіздерін меңгеруге арналған. Пән басқару шешімдерін қабылдау, жоспарлау және бақылау мақсатында шығындар мен нәтижелерді талдау әдістерін үйретеді және есептік ақпаратты басқаруда қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.