Варианты зачисления на курс
Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге шұғыл көмек
Химия, химическая технология и экология
Тұраққазы А.А. – сеньор-лектор,
Сламқұл И.С. – ассистент
Бердіғали Ж.Т. – ассистент
ЖАОК сипаттамасы: Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек – зардап шеккен адамның өмірін сақтап қалуға бағытталған алғашқы және ең маңызды әрекеттер жиынтығы. Оның негізгі мақсаты – өмірге қауіпті факторларды жою, жағдайды тұрақтандыру және медициналық қызмет келгенше алғашқы көмек көрсету.
Мақсаты: апаттар медицинасы және психологиялық тұрақтылық, атап айтқанда төтенше жағдайларда халықты және құтқарушыларды медициналық-психологиялық қорғауды ұйымдастыру саласындағы білімді қалыптастыру болып табылады. Пән төтенше жағдайларды жоюға қатысатын тұрғындар мен құтқарушылардың бұзылуларының алдын алу немесе деңгейін төмендету мақсатында өткізілетін ұйымдастырушылық және медициналық іс-шаралар кешенін зерделейді.
Оқу міндеттері:
1. Төтенше жағдайлардағы ахуалды бағалау дағдыларын қалыптастыру – қауіпті жағдайдың сипатын, зардап шеккендердің жағдайын және қоршаған ортаның қауіп факторларын талдай білу.
2. Жарақат түрлерін анықтау және олардың ерекшеліктерін бағалау – түрлі жарақаттар мен зақымданулардың белгілерін тану, шұғыл әрекеттердің маңызын түсіну.
3. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгерту – стандарттар мен әрекет алгоритмдеріне сәйкес алғашқы көмек көрсету тәсілдерін тәжірибеде қолдану.
4. Шұғыл қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру – жедел жәрдем, өрт сөндіру, құтқару және басқа да қызметтермен үйлесімді әрекет ету тәртібін меңгеру.
5. Эвакуация және медициналық сұрыптау шараларын іске асыруға үйрету – зардап шеккендерді қауіпсіз жерге көшіру, олардың жағдайына қарай сұрыптау принциптерін қолдану.
6. Төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға бағытталған әрекеттерді жоспарлау – алдын алу шараларын әзірлеу, халықты қорғау және зардаптарды төмендету жолдарын үйрену.
Оқу нәтижелері: Адам ағзасына және қоршаған орта компоненттеріне уытты заттардың әсерін талдайды, тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында уытты қауіп-қатерді бағалау және төмендету әдістерін қолданады
1 Пререквизит: ТҚН және ҚОО нормативті-құқық аспектілері
2 Постреквизит: Еңбек физиологиясы және психологиясы
3 Қорытынды аттестаттау.
4 Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
5 Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.