Варианты зачисления на курс
Python тілінде бағдарламалау негіздері
Информационные технологии
Тохаева Айнур Ордабековна – информатика магистрі, сеньор-лектор,
1. ЖАОК сипаттамасы
1.1 Оқу мақсаты:
Пәнді меңгерудің мақсаты - студенттерге Python бағдарламалау тілі арқылы алгоритмдік ойлауды қалыптастырып, негізгі бағдарламалау дағдыларын үйрету. Python-ның синтаксисін, мәлімет құрылымдарын, шартты және циклдік операторларын, функциялар мен файлдармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту.
1.2 Оқу міндеттері:
Студенттерді Python тілінің негіздерімен және қолдану салаларымен таныстыру.
Python-да деректер типтері мен айнымалыларды тиімді пайдалануды үйрету.
Операторлар, шартты конструкциялар және циклдермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Функцияларды қолдану, жазу және олармен модульдік бағдарламалар құруға баулу.
Тізімдер, жолдар, сөздіктер, жиындар мен кортеждер сияқты деректер құрылымдарын игеру.
Файлдармен енгізу-шығару операцияларын орындауға үйрету.
Turtle графика модулін пайдаланып қарапайым визуалды бағдарламалар жасау.
Логикалық, құрылымдық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту.
Шағын жоба немесе бағдарлама жасап, алған білімдерін практикада қолдану.
1.1 Оқу нәтижелері:
• Python тілінің негізгі мүмкіндіктерін еркін қолдана алады;
Программа құруда айнымалылар мен деректер типтерін дұрыс қолданады;
Шартты және циклдік құрылымдарды пайдалана отырып есептер шығара алады;
Функция құрып, оны бағдарлама ішінде тиімді қолдана алады;
Тізім, сөздік, жол, жиын сияқты мәлімет құрылымдарымен жұмыс істей алады;
Файлдармен мәтіндік ақпаратты оқи және жаза алады;
Графикалық элементтерді (Turtle) қолданып визуалды бағдарлама жасай алады;
Жобалық жұмыс арқылы алгоритмдік және логикалық ойлау қабілетін көрсетеді;
Python тілінде қарапайымдан күрделіге дейінгі программаларды өз бетімен құрастыра алады.
1. Пререквизиттер. Осы ЖАОК-ты меңгеру үшін келесі курстарды оқу барысында алынған білім, іскерлік және дағдылар үшін.
2. Постреквизиттер. ЖАОК-ті үйрену кезінде алған білім, дағдылар мен келесі курстарды игеру үшін қажет.
3. Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы
4. Курстың күрделілік деңгейі: бастауыш, орташа және жоғары
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.