Варианты зачисления на курс

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
Информационные технологии
Талгат Амангуль техника ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор, MOOC сипаттамасы 1.1 Зерттеу мақсаты: "Ақпараттык-коммуникациялык технологиялар" пәнінің мақсаты - ақпараттык технологиялар арқылы ақпараттарды жіберу және жинау тәсілдерін, ақпараттарды өңдеу және сақтау, іздеу адістері, процестерді талдау және сыни бағалау мүмкіндіктерін қалыптастыру, жасанды интеллекттің мәнін, оның даму тарихы мен бағыттарын түсіну, жасанды интеллекттің әртүрлі колдану салаларын (медицина, білім, қаржы көлік, киберкауіпсіздік) зерделеу. ЖИ-дін этикалық, құқықтық және элеуметтік аспектілерін бағалауды уйренеді. 1.2 Оку міндеттері: 1) Білім алушылар компьютердің архитектурасының, операциялық жүйелердің және желілердің тұжырымдамалык негіздерін меңгеру: 2) Акпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары жайлы, желілік және веб қосымшаны құру тұжырымдамасы жайлы білімін қалыптастыру; 3) Өзін-өзі дамыту жане басқа мақсаттар үшін кәсіби қызметінің әртүрлі аймағында. ғылыми жане практикалық жұмыстарында заманауи акпараттык-коммуникациялык технологияларды қолдану дағдысын қалыптастыру; 4) Білім алушыларды жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары, даму тарихы, бағыттары мен колдану салаларымен таныстыру 5) Акпаратты талдау, логикалык ойлау, модельдеу және интеллектуалды шешім қабылдау қабілеттерін дамыту; 6) Жасанды интеллекттің заманауи технологияларын (NIP, компьютерлік көру, сараптамалық жүйелер) тәжірибеде қолдануға бейімдеу. 1.3 Оку нәтижелері: 1) акпараттык-коммуникациялык технологиянын даму тенденциялары мен мазмұнынын. тағайындалуын түсіндіру; 2) акпараттық және коммуникациялык процестерді енгізу тәсілдерін, ақпараттарды сақтау және өндеу, жинау әдістерін түсіндіру; 3) негізгі компоненттер мен функцияларды, компьютерлік жүйелер мен желілер архитектурасын сипаттау; 4) акпараттарды сақтау, тарату мен өңдеу, іздеуге арналған мобильдік және бұлтты қызметтерді, ақпараттык Интернет ресурстарды қолдану; 5) ақпаратты сақтау, өңдеу, жинау және жіберуге арналған компьютерлік желі мен жүйелердің аппараттық және программалық жабдыкталуын колдану 6) акпараттарды қорғау құрылғылары мен әдістерін таңдауды негіздеу және талдау, 7) сандық технология комегімен әртүрлі қызметтік саласына арналған деректерді баскару және талдау құрылғыларын жасау: 8) заманауи акпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы мамандык бойынша жобалык кызметкерлікті қалыптастыру 9) Жасанды интеллект модельдерін құру және тестілеу үшін қамтамасыз етуді, модельдерді практикалық қосымшаларға біріктіруді, накты жобаларда колданылады. Заманауи бизнес туралы ой-өрісі мен білімін кеңейтеді. 2. Пререквизиттер: Бұл пәнді меңгерудегі алдыңғы пәндер: пәнді орта мектептегі информатика, математика және физика пәндерінен алынған білімдерге негізделеді. 3. Постреквизиттер: "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнін оқу барысында алынған білім барлық білім беру бағдарламалары үшін әзірленген білім беру бағдарламаларының мазмұны мен талаптарына сәйкес келеді. 4. Академиялық кредиттер саны ЖАОК ұзақтығы: 5 5. Курстың қиындық деңгейі: орташа.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.