Варианты зачисления на курс

Саясаттану
Социально-гуманитарные дисциплины
1.2 Бағдарламаның мазмұнына қысқаша сипаттамасы Осы бағдарлама әрқайсысысының өз пәні, терминологиясы мен зерттеу әдістері бар төрт ғылыми пәнді – әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психологияны оқытуды көздейді. Аталған ғылыми пәндер арасындағы өзара әрекет ақпараттық толықтыру; біріктіру; осы пәндердің зерттеу ыңғайларының әдістемелік тұтастығы; нәтижеге бағытталған оқыту әдістемесінің жалпылығы; қалыптасқан қабілеттер ретінде нәтижелер типологиясын біртұтас жүйелік көрсету ұстанымдары негізінде жүзеге асырылады. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері 1.3 Бағдарламаның мақсаты – «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. 1.4 Бағдарламаның міндеттері: 1) негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру; 2) қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру; 3) заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру; 4) студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру; 5) әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;6) сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі. 1.5 Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады: 1) оқу пәнінің модулін құрайтын барлық ғылымдар саласының (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология) пәндік білімін түсіндіре және жеткізе алуы (ұғым, ой, теория); 2) әлеуметтік-саяси модуль пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру; 3) нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мәнмәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу; 4) оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әртүрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру; 5) әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қазақ қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу; 6) қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу; 7) қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау; 8) нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу; 9) ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның даму болашағын жобалай алу; 10) кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде бағдарламалар жасай алу; 11) түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу, қоғамдық бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау; 12) әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде қорғай білу. 1.6 Бағдарламаның пререквизиттері: Дүниежүзі тарихы, Өзін-өзі тану, Адам және қоғам (жалпы білім беретін мектеп курсы), Қазақстан тарихы. 1.7 Бағдарламаның постреквизиттері: оқу бағдарламасына сәйкес пәндер 1.8 Жұмыс оқу бағдарламасынан үзінді Оқу бағдарламасынан кесте түрінде берліген жоспар.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.