Варианты зачисления на курс

Қаржылық есеп 2
Финансы и учёт
Кабиева Асем Темиргалиевна – PhD, ассистент-профессор, 1.ЖАОК-тың сипаттамасы: «Қаржылық есеп 2» пәні – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (IFRS) сәйкес ұйымның қаржылық есептілігін құрастыру, активтер мен міндеттемелерді бағалау, қаржылық құралдарды тану, консолидация, бизнес біріктіру және арнайы есеп объектілерін дұрыс көрсету қағидаларын үйрететін кәсіби бағдарланған пән. Курс студенттерге қаржылық есептің тереңдетілген тұстарын меңгеруге, күрделі қаржылық операцияларды талдауға, МСФО талаптарын практикалық жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді. Пән кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін дұрыс анықтау, инвесторлар мен мүдделі тараптар үшін шынайы және салыстырмалы ақпарат ұсыну мақсатында ұйымның қаржылық есептілігін жоғары деңгейде құрастыру дағдыларын қалыптастырады. 1.1 Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты ірі ұйымдарда ҚЕХС сәйкес қаржылық есептілікті құру және ұсыну дағдыларын игеру. Пәннің мазмұны ҚЕХС сәйкес ірі кәсіпорындарда қаржылық есептілікті құру және ұсыну тәртібін, сондай-ақ қаржылық есептіліктегі ақпараттың мәнін ашу және оған түсіндірме хат дайындау дағдыларын оқытады. 1.2 Пәннің міндеттері: - бизнес бірігуі кезінде сатып алу әдісін қолдануды мен шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау және ұсынуды үйрену; - қаржылық құралдарды, қауымдасқан және бірігіп бақыланатын компанияларға инвестицияларды есепте тану, бастапқы және кейінгі бағалау, олардың кәсіпорынның қаржылық іс әрекетінде қолданылуын түсіну, қаржылық есептілікте ақпарат ашу; - жалгерлік қарым-қатынас, кейінге қалдырылған табыс салығын, шетелдік валюталық операциялар, инвестициялық меншік, сатуға арналған айналымнан тыс активтер және тоқтатылған қызмет, қауымдастырылған және бірігіп бақыланатын ұйымдарға инвестициялар есебі және қаржылық есептілікте ашылу және ұсыну жағдайларын үйрету; - есеп саясатына өзгерістер, бухгалтерлік бағалаулар мен қателер, байланысты тараптар туралы ақпаратты қаржылық есептілікте ашу және ұсынуды үйрету. 1.3 Оқыту нәтижелері. Қаржылық есептіліктің құрылымын және мазмұнын талдайды, оны халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестендіреді және ұзақ мерзімді активтерді, міндеттемелерді және меншікті капиталды есепке алып бағалайды. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрастырады және қаржылық есептіліктің сенімділігін қамтамасыз ету үшін түзетулер енгізеді, сондай-ақ қаржылық көрсеткіштерді талдайды және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдаланады. 2. Пререквизитері. Қаржылық есеп 1 3. Постреквизиттері. Аудит 2 4. Академиялық кредит саны/ЖАОК-тың ұзақтығы: 5 кр./1 семестр 5.Курстың меңгеру деңгейі: Бұл курс студенттерге қаржылық есептің кеңейтілген және күрделі аспектілерін, халықаралық стандарттар бойынша есеп жүргізу, қаржылық есептілікті дайындау мен интерпретациялау әдістерін үйретеді. Пән жоғары деңгейдегі кәсіби есепші, аудитор немесе қаржылық талдаушыға қажетті дағдыларды қалыптастырады. Студенттер МСФО стандарттарын қолдану арқылы ұйымның нақты қаржылық жағдайын көрсетуге мүмкіндік беретін есептік операцияларды шешуді, есептіліктегі ақпаратты салыстыра және талдай білу қабілеттерін дамытады.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.