Варианты зачисления на курс
Бухгалтерлік есеп негіздері
Финансы и учёт
1.2 Бағдарламаның мазмұнына қысқаша сипаттамасы
Осы бағдарлама әрқайсысысының өз пәні, терминологиясы мен зерттеу әдістері бар
төрт ғылыми пәнді – әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психологияны оқытуды
көздейді. Аталған ғылыми пәндер арасындағы өзара әрекет ақпараттық толықтыру;
біріктіру; осы пәндердің зерттеу ыңғайларының әдістемелік тұтастығы; нәтижеге
бағытталған оқыту әдістемесінің жалпылығы; қалыптасқан қабілеттер ретінде нәтижелер
типологиясын біртұтас жүйелік көрсету ұстанымдары негізінде жүзеге асырылады.
Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
1.3 Бағдарламаның мақсаты – «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы»
мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу
мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын
қалыптастыру болып табылады.
1.4 Бағдарламаның міндеттері:
1) негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші
жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
2) қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің
негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
3) заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын
дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын
қалыптастыру;
4) студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі
көздері мен әдістерін игеру;
5) әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану
дағдыларын үйрету;6) сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.
1.5 Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу
нәтижелеріне ие болады:
1) оқу пәнінің модулін құрайтын барлық ғылымдар саласының (әлеуметтану,
саясаттану, мәдениеттану, психология) пәндік білімін түсіндіре және жеткізе алуы (ұғым,
ой, теория);
2) әлеуметтік-саяси модуль пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру
үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;
3) нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мәнмәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде
ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;
4) оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әртүрлі
саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;
5) әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар,
қазақ қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;
6) қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық
институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;
7) қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік,
мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды
сараптау;
8) нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды
зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу;
9) ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында
қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның
даму болашағын жобалай алу;
10) кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде
бағдарламалар жасай алу;
11) түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу,
қоғамдық бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау;
12) әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және
дәлелді түрде қорғай білу.
1.6 Бағдарламаның пререквизиттері: Дүниежүзі тарихы, Өзін-өзі тану, Адам
және қоғам (жалпы білім беретін мектеп курсы), Қазақстан тарихы.
1.7 Бағдарламаның постреквизиттері: оқу бағдарламасына сәйкес пәндер
1.8 Жұмыс оқу бағдарламасынан үзінді
Оқу бағдарламасынан кесте түрінде берліген жоспар.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.