Варианты зачисления на курс

Қаржы
Финансы и учёт
Есенова Гульмира Жексеновна – экономика ғылыми кандидаты, профессор, 1.1 ЖАОК сипаттамасы «Қаржы» курсы экономикалық ғылымның маңызды құрамдас бөлігінің бірі - қаржы туралы ғылымның ерекшелігі зерделенетін негізгі (базалық) оқу пәні болып табылады. Курста қаржының негізгі аспектілері: теориялық негіздері, ұйымдастыру, практикалық қолдануы көрсетілген. Курста қаржы ұғымы, функцияларының мәселелері, олардың басқа экономикалық категориялармен өзара іс-қимылы, шаруашылық өмірдегі көріністің ерекшеліктері қисынға сәйкес дәйекті түрде қаралады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың нысандары мен әдістері, қаржыны дамушы нарықтық экономиканы реттеуде пайдалану мүмкіндіктері арқылы іс-қимылдың механизмі көрсетілген. Қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларды, жүйелердің ұғымдары, оларды қаржы және басқа экономикалық және әлеуметтік жүйелердегі іс-қимылының қағидаттары мен өзара байланысын анықтау, топтастыру және жіктеу болып табылады. Курста әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарындағы және сыртқы экономикалық байланыстар сферасындағы қаржының іс-қимылының өзіндік ерекшеліктеріне айтарлықтай орын берілген. Оқудың мақсаты: студенттердің шағын кәсіпкерлік субъектілерін есепке алу және есеп беру саласында есеп және есеп беру-қаржылық қызмет дағдыларын игеруі. 1.2 Оқудың міндеттері: 1) Қаржы ұғымы және оның тұжырымдамаларына қатысты білімді меңгеру; 2) Қаржы, бюджет, ақша-несиелік, салық, инвестициялық саясаттарды жүзеге асыру мақсатында қаржы-несие жүйесін басқару үрдісіндегі білімін арттыру. 3) Қаржы жүйесінің барлық буындары арасында қалыптасатын қаржы қатынастарында кездесетін проблемаларды анықтап, оларды жешу жолдарын ұсыну. 4) Мемлекет пен кәсіпорындардың қаржы, салық-бюджеттік, ақша- несиелік, инвестициялық саясатының дамыту перспективаларына бағалау жүргізе алу. 5) Қазақстан Республикасының әрекет етуші қаржы жүйесін халықаралық интеграциялық бірлестіктермен байланысын есепке ала отырып, талдау жасай білу. 1.3 Оқу нәтижелері: Экономикалық категория ретінде қаржының мәнін білуді, олардың қазіргі нарықтық экономикадағы рөлін талдай білуді, талдаудың сандық әдістерін қолдануды, сондай-ақ бюджеттерді жоспарлау және қаржылық бақылау дағдыларын меңгеруді көрсетеді. 2. Пререквизиттер. Микроэкономика 3. Постреквизиттер. Салық және салық салу, Өнеркәсіп салаларын бюджеттік қаржыландыру 4. Академиялық кредиттердің саны-5/ЖАОК ұзақтығы -4 5. Курстың күрделілік деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.