Варианты зачисления на курс
Мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Экономика и управление
Каркинбаева Ш.И. – сеньор-лектор,
Мақыш М.К. – доктор PhD, ассисент-профессор,
Мұратова Э.М. – сеньор-лектор,
ЖАОК сипаттамасы: курстың мақсаты тыңдаушыларға мемлекеттік басқаруда кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде талдау, бағалау және алдын алу әдістерін үйрету, этика, адалдық, ашықтық және есептілік қағидаттарын нығайту, антикоррупциялық саясат пен тәуекелдерді басқару мәдениетін қалыптастыру. Курс мемлекеттік органдардағы процестердің ашықтығын арттыру, этикалық стандарттарды нығайту және мемлекеттік аппараттың тиімділігін жоғарылату үшін қажетті теориялық және практикалық білім береді.
Оқу міндеттері:
1. Мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мәні, себептері және түрлерімен таныстырады.
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және оларды азайтуға арналған практикалық әдістерді үйретеді.
3. Мемлекеттік қызметшілердің адалдық, этика және жауапкершілік мәдениетін дамытады.
Оқу нәтижелері: тыңдаушы мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, бағалап, оларды азайту тетіктерін әзірлеуге және қолдануға қабілетті.
1. Пререквизит: Мемлекеттік қызметшінің этикасы, Экономика, кәсіпкерлік, құқық және қаржылық сауаттылық модулі (экономика және кәсіпкерлік негіздері, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, қаржылық сауаттылық негіздері)
2. Постреквизит: Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, Мемлекеттік сатып алулар және шарттар.
3. Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
4. Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.