Варианты зачисления на курс
Сәулеттік компьютерлік бағдарламалардың негіздері - AutoCAD
Технология легкой промышленности и дизайна
Төлеуқұл Айтолқын Асқатқызы - сеньор лектор, магистр.
1. ЖАОК сипаттамасы:
1.1 Оқу мақсаты: «Сәулеттік компьютерлік бағдарламалардың негіздері – AutoCAD» пәнінің мақсаты – білім алушыларға архитектуралық жобалау саласында кеңінен қолданылатын AutoCAD бағдарламасын меңгерту, сандық форматта сәулеттік сызбаларды құру және өңдеу дағдыларын дамыту. Пән студенттерді кәсіби сәулеттік-жобалық құжаттаманы дайындауға, ғимараттар мен интерьерлердің эскиздік және жұмыс сызбаларын жасауға үйретеді.
1.2 Оқу міндеттері:
- Студенттерді AutoCAD ортасының интерфейсімен, командаларымен және жұмыс принциптерімен таныстыру.
- Сызбаларды құрудың негізгі құралдарын меңгерту: сызықтар, қабаттар, өлшем қою, блоктар, штриховка, мәтіндер.
- Ғимараттың жоспарлары, қасбеттері және қималары сияқты сәулет-конструкторлық сызбаларды сандық форматта орындауды үйрету.
- Ішкі қабырғаларды, бөлмелерді, есік-терезе элементтерін сызу және өңдеу дағдыларын қалыптастыру.
- Сызбаларды қағазға шығаруға дайындау: парақ кеңістігімен жұмыс, масштабтау, рамка мен штамп енгізу тәсілдерін үйрету.
- Автоматтандырылған жобалау процесінде дәлдік пен тиімділікті арттыруға арналған кәсіби дағдыларды дамыту.
- Студенттердің сәулет-жобалық ойлау қабілетін, техникалық сауаттылығын және кәсіби графикалық мәдениетін қалыптастыру.
1.3 Оқу нәтижелері:
Дәл және егжей-тегжейлі дизайн шешімдерін жасау үшін құралдарды тиімді пайдалана отырып, сәулеттік дизайн сызбаларын (эскиз және жұмыс конструкцияларын) әзірлеу үшін AutoCAD қолданады.
Пререквизиттер. Техникалық сызба және инженерлік графика
Постреквизиттер. Сәулеттегі цифрлық технологиялар – Revit (бастапқы деңгей)
1.4. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5
1.5. Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.