Варианты зачисления на курс
Философия
Социально-гуманитарные дисциплины
1. ЖАОК Мінездеме
1.1 Зерттеу мақсаты: Студенттердің философияны дүниені танып-білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру.
1.2 Оқу міндеттері:
білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін игеруі;
студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық әлеует қалыптастыру.
1.3. Оқыту нәтижелері:
1) философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттау;
2) нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;
3) дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;
4) дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;
5) мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен мазмұнына түсініктеме жасау;
6) негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу;
7) медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жекетұлғалық жағдайлардың философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін талдау жасау;
8) қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу;
9) кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну.
2. Постреквизиттер: ББ мамандануына сәйкес
3. Академиялық кредиттер саны. 5
4. Курстың қиындық деңгейі: бастаушы
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.