Варианты зачисления на курс
Үлкен деректерді өңдеу (Big Data)
Информационные технологии
Джумагалиева Айнур Максимовна, магистр, сеньор-лектор,
ЖАОК сипаттамалары
Курс үлкен деректерді (Big Data) жинау, сақтау, өңдеу және талдау саласында қолданылатын негізгі ұғымдарды, әдістер мен технологияларды зерттеуге бағытталған. Big Data-ның негізгі сипаттамалары (көлем, жылдамдық, әртүрлілік, сенімділік), таратылған деректер архитектуралары, деректерді алдын ала өңдеу, аналитикалық талдау, машиналық оқыту, нақты уақыттағы деректерді өңдеу және Big Data технологияларының қолдану салалары қарастырылады.
Пәнді оқыту мақсаты:
«Үлкен деректерді өңдеу (Big Data)» пәнінің мақсаты - білім алушылардың Big Data саласындағы негізгі теориялық қағидаттарды, әдістер мен технологияларды меңгеруі.
Пәнді оқыту міндеттері:
1. Big Data ұғымымен, оның сипаттамаларымен және қолдану салаларымен таныстыру;
2. Үлкен деректерді сақтау және өңдеудің теориялық негіздерін меңгерту;
3. Деректерге негізделген аналитикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.
Пәнді оқыту нәтижелері:
Деректер үлгілерін әзірлеу және үлкен деректер негізінде жаңа білім алу әдістерін көрсетеді. Аналитикалық модельдерді әзірлейді және олардың нәтижелерін түсіндіреді. Big Data жүйелерін түсіндіру, деректерді өңдеу және талдау әдістерін сипаттау, аналитикалық шешімдерді бағалау қабілеттерін қалыптастырады.
Пререквизиттер: Деректер базасы және ДҚБЖ
Постреквизиттер: Дипломдық жұмысты дайындау және орындау
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.