Варианты зачисления на курс
Дизайндағы безендіру технологиясы
Технология легкой промышленности и дизайна
Наетова Г.А. –сеньор-лектор,
ЖАОК сипаттамасы:
1.1 Пәннің мақсаты:
Тігін бұйымдарын көркемдік және технологиялық тұрғыдан безендірудің заманауи
әдістерін, материалдары мен құралдарын меңгерту; әртүрлі сәндік өңдеу түрлерін (кестелеу,
аппликация, өрнектеу, әрлеу тігімдері және т.б.) қолдана отырып, эстетикалық талаптарға сай
бұйымдар дайындау дағдыларын қалыптастыру. Пән студенттердің шығармашылық ойлау
қабілетін дамытып, ұлттық және қазіргі сән элементтерін үйлестіре білуге бағытталады.
1.1Пәннің міндеті:
тігін бұйымдарын безендірудің негізгі түрлері мен тәсілдерін меңгеру;
сәндік өңдеуге қолданылатын материалдар мен құралдардың қасиеттерін, қолдану
ерекшеліктерін зерттеу;
кестелеу, аппликация, мережка, декоративтік тігістер және басқа да безендіру
техникасының технологиялық ретін үйрену;
ұлттық және заманауи сән элементтерін бұйым дизайнында үйлестіру дағдыларын
қалыптастыру;
бұйымның эстетикалық сапасын арттыруға бағытталған композициялық шешімдер
жасауды үйрену;
әрлеу жұмыстарын орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі мен технологиялық
талаптарды сақтау дағдыларын қалыптастыру;
1.2 шығармашылық ойлау, көркемдік талғам және эксперименттік жұмыс дағдыларын дамыту.
Оқу нәтижелері:
студент безендірудің негізгі түрлері мен әдістерін (кестелеу, аппликация, декоративтік тігістер,
әрлеу элементтері) ажыратып, сипаттай алады;
сәндік өңдеуге арналған материалдар мен құралдардың қасиеттерін талдайды және мақсатқа
сәйкес таңдай алады;
бұйымды безендірудің технологиялық ретін дұрыс жоспарлап, орындау дағдыларын меңгереді;
композициялық заңдылықтарды қолданып, эстетикалық жағынан үйлесімді безендіру
шешімдерін жасай алады;
ұлттық және заманауи сән элементтерін бұйым дизайнында тиімді қолдана алады;
безендіружұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік талаптарын сақтайды;
шығармашылық идеяларды эскиз түрінде ұсына алады және оларды бұйым өндірісінде жүзеге
асырады;
дайын бұйымның сәндік-эстетикалық сапасын бағалай алады.
Пререквизит:Материалтану, Киім композициясы.
Постреквизит: АЖЖ,.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.