Варианты зачисления на курс

Тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық жабдықтары
Технология и стандартизация
Cмакова Нургуль Сериковна – PhD, ассистент профессор, 1. ЖАОК сипаттамасы 1.1 Оқу мақсаты: Пәннің мақсаты — өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, ең аз шығынмен ең жоғары өнімділікке жету жолдарын көрсету, сондай-ақ тағам технологиясындағы негізгі процестерді, аппараттар мен машиналарды зерттеу. 1.2 Оқу міндеттері: 1. Пән білім алушыларды тағам өнеркәсібінде қолданылатын машиналар мен аппараттардың негізгі түрлерімен, олардың конструкциялық ерекшеліктерімен, жұмыс істеу принциптерімен және қолданылатын технологиялық процестердің сипатымен таныстырады. Әсіресе тағамдық шикізатты өңдеудің әртүрлі кезеңдеріне арналған жабдықтарды таңдаудың қағидаларына ерекше назар аударылады. 2. Пән үйретеді: a) нақты технологиялық міндеттерге сәйкес жабдықты өнімділігіне, сенімділігіне және үнемділігіне қарай ұтымды таңдауға; b) тағам өндірісінің машиналары мен аппараттарына инженерлік есеп жүргізуге; c) жабдықты пайдалану жағдайларын талдап, оны тиімді қолдану жөніндегі шараларды әзірлеуге; d) жабдық жөніндегі білімді тағам өндірістерін жобалау, жаңғырту және автоматтандыру кезінде қолдануға. 3. Пән қалыптастырады: a) технологиялық жабдықты таңдау мен пайдалануға байланысты практикалық мәселелерді шешу кезінде инженерлік ойлау қабілетін; b) жабдықтың техникалық жағдайын талдау және бағалау дағдыларын; c) өнімділікті арттыруға, шығындарды азайтуға және дайын өнім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған технологиялық шешімдер қабылдау қабілетін. 1.3. Оқу нәтижелері: Білім алушы тағам өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуде қолданылатын жабдықтардың жұмыс принциптері, құрылымдық ерекшеліктері мен пайдалану ережелері туралы білім алады және технологиялық талаптарды ескере отырып, әртүрлі тағам өнімдеріне арналған оңтайлы жабдықты таңдау дағдыларын меңгереді. 2. Пререквизиттер. Тағам өндірісінің процестері мен аппараттары» 3. Постреквизиттер. «Сүт және ет өнеркәсібі кәсіпорындарындағы технологиялық есептеулердің негіздері» 4. Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы 5. Курстың күрделілік деңгейі: бастауыш, орташа және жоғары
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.