Варианты зачисления на курс

Курортология (қаз)
Туризм и сервис
Тәжен Айдана Нұрсұлтанқызы – магистр, сеньор-лектор. 1. ЖАОК сипаттамасы 1.1 Оқытудың мақсаты: студенттерде санаторлық-курорттық қызметтің теориялық негіздері, табиғи емдік ресурстары және ұйымдастырушылық қағидаттары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, сондай-ақ алынған білімді сауықтыру және медициналық туризм саласында қолдана алу дағдыларын дамыту. Курс болашақ туризм мамандарының кәсіби құзыреттілігін табиғи емдік факторларды зерттеу, курорттарды жіктеу және олардың қызмет ету ерекшеліктерін талдау, заманауи wellness-технологияларды енгізу және Қазақстанда әрі шетелде санаторлық-курорттық қызметтерді ілгерілету бағыттарында дамытуға бағытталған. 1.2 Оқытудың міндеттері: – курортология және сауықтыру туризмінің теориялық негіздерімен таныстыру; – табиғи емдік ресурстар мен курорттарды зерттеу; – санаторлық-курорттық және wellness-қызметті ұйымдастыру қағидаттарын меңгеру дағдыларын қалыптастыру. 2. Оқыту нәтижелері: «Курортология» курсын меңгеру нәтижесінде студенттер табиғи емдік факторлар, курорттардың түрлері және олардың қызмет ету қағидаттары туралы білім алады. Олар сауықтыру бағдарламаларын талдауға және әзірлеуге, курорттық аумақтардың әлеуетін бағалауға, сондай-ақ алынған білімді туризм және санаторлық-курорттық қызмет саласында қолдануға үйренеді. 3. Пререквизиттер: осы ЖАОК меңгеру үшін келесі пәндерді оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар қажет: Туризмдегі анимациялық қызмет, Мейрамханалардағы тамақтану мәдениеті. 4. Постреквизиттер: ЖАОК оқу нәтижесінде алынған білім, білік және дағдылар келесі пәнді меңгеру үшін қажет: Туризмдегі адам ресурстарын басқару. 5. Академиялық кредиттер саны / МООК ұзақтығы: 5 академиялық кредит. 6. Курстың күрделілік деңгейі: орташа.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.