Варианты зачисления на курс

Банк ісі
Финансы и учёт
Жумажанова Марал Темирбаевна – сеньор-лектор. 1. ЖАОК-тың сипаттамасы: Курс банк жүйесінің қағидаттары, қаржылық қызмет көрсету тетіктері, банк операцияларын басқару және тәуекелдер, сондай-ақ экономикадағы банктердің рөлі зерделеуге бағытталған. Несие мекемелерi жұмысының практикалық аспектiлерiне, олардың қызметiн реттеуге және банк секторындағы қазiргi заманғы үрдiстерге баса назар аударылады. 1.1 Пәннің мақсаты: «Банк ісі» пәнінің мақсаты – білім алушыларға банк жүйесі саласында студенттерге қажет теориялық және тәжірибелік білім мен дағдыларды игерту болып табылады.  1.2 Пәннің міндеттері:  Пән білім алушыларды банк жүйесінің құрылымы, қызметтері және негізгі операцияларымен таныстырады.  Пән банк қызметтерін ұйымдастыру, қаржылық өнімдерді пайдалану және банк ісінің негізгі принциптерін үйретеді.  Пән студенттердің қаржылық сауаттылығын, аналитикалық ойлауын және кәсіби дағдыларын дамытады. 1.3 Оқыту нәтижелері. Банк клиенттерінің қаржылық есептілігін талдайды, әлеуетті қарыз алушылардың несие қабілеттілігін айқындайды. Банк және несие ісі, инвестициялар, бағалы қағаздар саласында шешімдер қабылдау үшін қажетті экономикалық және әлеуметтік деректерді жинаудың, өңдеудің және талдаудың заманауи әдістерін меңгерген. 2. Пререквизитері. Экономикалық теория, Ақша, несие, банктер 3. Постреквизиттері. Ақша-несиелік реттеу, Банк қызметін талдау, Банктік бақылау және қадағалау, Банктік несиелер және инвестициялар 4. Академиялық кредит саны/ЖАОК-тың ұзақтығы: 5 кр./1 семестр 5. Курстың меңгеру деңгейі: Бұл курс студенттерге банк ісінің негізгі теориялық және қолданбалы негіздерін меңгеруге арналған. Пән банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету қағидаттарын, банктік операцияларды ұйымдастыруды, қаржылық делдалдық тетіктерін және тәуекелдерді басқару негіздерін қамтиды. Курс барысында студенттер банктік қызметті талдау, қаржылық көрсеткіштерді бағалау және банк қызметін реттеу мен қадағалау саласында практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.