Варианты зачисления на курс

Микроэкономика
Экономика и управление
1. МООК сипаттамасы: Курс тұтынушы мен өндірушінің мінез-құлқын және олардың оптимумын, нарықтық сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін, фирманың әртүрлі нарықтық құрылымдардағы тепе-теңдігін, ресурстарды оларды пайдаланудың балама бағыттары бойынша бөлуді, нарықтың сәтсіздіктерін, сондай-ақ графикалық және экономикалық-математикалық талдау әдістемесін және микроэкономикалық деңгейде нарықтық ортаны бағалауды зерттеуге бағытталған. 1.1 Зерттеу мақсаты: жеке экономикалық агенттердің (тұтынушылардың, фирмалардың, өндірушілердің) шешім қабылдау механизмдерін, ресурстарды бөлу үрдістерін, тауарлар мен қызметтердің нарықтағы тепе-тең бағаларын зерттеу. 1.2 Оқу міндеттері: - тыңдаушыларға нарықтық жүйе туралы түсініктерді, нарықтық экономикадағы тұтынушылардың мінез-құлқын анықтауды, экономикалық тауарлар өндірісіндегі фирманың мінез-құлқын талдау, - нарықтық құрылымдардың түрлерін қарастыруды таныстырады; - өндіріс факторлары нарығын қамту, нарықтық экономиканың жалпы тепе-теңдігі мен тиімділігінің шарттарын атап өту, экономикалық теорияның бөлігі ретінде микроэкономиканың мәні мен рөлін зерттеуді үйеретеді; - теорияны практикада қолдану арқылы нарықтық үрдістерді түсініп, аналитикалық ойлау қабілетін дамытады. 1.3 Оқу нәтижелері: Тұтынушылар мен өндірушілердің мінез-құлқын талдау, нарықтық тепе-теңдік пен ресурстарды бөлу тиімділігін бағалау, микроэкономикалық мәселелерді шешу үшін графикалық және экономикалық-математикалық талдауды қолдану қабілеттерін қалыптастырады. 2. Пререквизит: Экономикалық теория 3. Постреквизит: Макроэкономика. 4. Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы 5. Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.