Варианты зачисления на курс

Тау жыныстар механикасы
Химия, химическая технология и экология
Жунусбекова Гаухар Жумашевна, PhD, cеньор-лектор, Каржауова Элеонора Калмурзаевна, сеньор-лектор, Мейрам Диана Дәуренқызы магистр, сеньор-лектор, 1.ЖАОК сипаттамалары 1.1 Оқу мақсаты: – тау жыныстары мен жыныс массивтерінің физика-механикалық қасиеттерін, олардың сыртқы күштер әсеріндегі кернеулі-деформацияланған күйін және бұзылу заңдылықтарын зерделеу арқылы студенттерде тау-кен қазбалары мен ұңғымалардың тұрақтылығын бағалау, математикалық талдау мен модельдеу әдістерін қолдану, теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізу құзыреттерін қалыптастыру 1.2 Оқу міндеттері: - тау жыныстарының құрылымдық ерекшеліктері мен физика-механикалық қасиеттерін зерделеу. - тау жыныс массивінің кернеулі-деформацияланған күйін талдау және бұзылу заңдылықтарын түсіндіру. - ұңғымалар мен тау-кен қазбаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету әдістерін меңгерту. - математикалық талдау, модельдеу және тәжірибелік зерттеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. 1.3 Оқыту нәтижелері: Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер тау жыныстарының құрылымдық ерекшеліктері мен физика-механикалық қасиеттерін сипаттай алады, жыныс массивінің кернеулі-деформацияланған күйін талдап, бұзылу критерийлерін қолдануды үйренеді, тау-кен қазбалары мен ұңғымалардың тұрақтылығын бағалайды және оны қамтамасыз ету әдістерін таңдай алады, сондай-ақ геомеханикалық есептерді шешуде математикалық талдау, модельдеу және тәжірибелік зерттеу әдістерін кәсіби қызметте қолдана алады. 2.Пререквизиттері: Физика 3. Постреквизиттері: Геологиялық барлау жұмыстарының негіздері 4. Академиялық кредиттер саны -5; 5. ЖАОК ұзақтығы -15 6. Курстың қиындық деңгейі: орта деңгей
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.