Варианты зачисления на курс

Аудит 2- Каз
Финансы и учёт
Жабытай Баян Нұржанқызы – PhD, ассистент-профессор, ЖАОК-тың сипаттамасы: Пәннің мазмұны бухгалтерлік есептің объектілеріне аудит жүргізудің тәжірибелік дағдыларын игереді. Аудит рәсімдерін қолдана отырып, аудиторлық дәлелдерді негіздейді және аудиторлық қорытынды жазудың практикалық дағдыларын игереді. 1.1 Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты студенттерді аудит саласындағы кәсіби қызметке дайындау және олардың аудиторлық тексерулер мен ұйымдардың қаржылық есептілігін талдаудағы құзыреттілігін меңгереді. 1.2 Пәннің міндеттері: - студенттерді аудиторлық тексеру жүргізу кезеңдерімен және аудитті реттейтін нормативтік базамен, сондай-ақ аудит жүргізу әдістемесімен таныстыру; - дәлелдемелер алу үшін аудиторлық рәсімдерді қолдануды үйрету, қаржылық есептілікті талдау және аудиторлық пікірді қалыптастыру; - кәсіби стандарттарға сәйкес аудиторлық тексерулер жүргізудің, тұжырымдарды негіздеудің және аудиторлық қорытынды жасаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. 1.3 Оқыту нәтижелері: Нақты тексеру объектілеріне қатысты аудит жүргізу әдістемесін, сондай-ақ алынған ақпаратты өңдеу, оны жалпылау әдістемесін меңгерген. Нақты тексеру объектілеріне қатысты аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын қалыптастыру тәсілдері мен дағдыларын меңгерген. Аудиторлық қорытындыны қалыптастыру тәсілдерін, қағидалары мен әдістерін, сондай-ақ аудит барысында анықталған бухгалтерлік есеп пен есептіліктегі кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу дағдыларын меңгерген. 2. Пререквизитері. Қаржылық есеп 1 3. Постреквизиттері. Дипломдық жұмыс 4. Академиялық кредит саны/ЖАОК-тың ұзақтығы: 5 кр./1 семестр 5. Курстың меңгеру деңгейі: В2-1 ортадан жоғары.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.