Варианты зачисления на курс

Турлар мен маршруттарды құру технологиялары
Туризм и сервис
Рахимбеков Б.К., сеньор-лектор, магистр, Джангельдина Д.И. п.ғ.к., қауымдастырылған профессор, 1. «Турлар мен маршруттарды құру технологиялары» ЖАОК сипаттамасы 1.1 Оқыту мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты турлар мен маршруттарды құрудың принциптері мен технологиялары туралы білімді, сондай-ақ сұранысты, логистика мен қауіпсіздікті ескере отырып, оларды жобалау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Бұл пәнде турларды әзірлеудің теориялық негіздері, маршруттарды жоспарлау және оңтайландыру әдістері қарастырылады, олардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі бағаланады, қорытындылар жасалады. 1.2 Оқыту міндеттері - туризм индустриясында турлар мен маршруттарды жоспарлау және жобалау қағидаттарымен танысу; - турөнімді қалыптастыру, туристік бағытты таңдау және бағалау, логистикалық және экономикалық есептеу дағдыларын қалыптастыру; - туристік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды қолдануды үйрену; - коммуникация, креативті ойлау, ұйымшылдық және клиентке бағдарланған қызмет көрсету дағдыларын дамыту. 1.3 Пәнді оқыту нәтижелері: Логистика, қауіпсіздік және туристердің қажеттіліктерін ескере отырып, турлар мен маршруттарды құру қағидаттары мен технологияларын түсіндіреді. 2. Курстың пререквизиттері Осы МООК - ты игеру үшін келесі курстарды оқып-үйрену кезінде алған білім, білік және дағдылар қажет: Саяхаттану 3. Курстың постреквизиттері МООК-ты үйрену кезінде алынған білім, дағдылар мен дағдылар келесі курстарды игеру үшін қажет: Туризмдегі логистика 4. Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы - 5 5. Курсты оқыту деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.