Варианты зачисления на курс

Имидж бен іскерлік қарым-қатынас
Туризм и сервис
Ахметова Галия Базархановна экономикалық ғылымдар магистрі, сеньор-лектор, 1. Имидж бен іскерлік қарым-қатынас ЖАОК сипаттамасы 1.1. Оқу мақсаты: пәнді оқыту мақсаттарын анықтағанда, білім алушылардың пән бойынша негізгі білімдерін қалыптастыру, дағдыларын дамыту және кәсіби қабілеттерін жетілдіру көзделді. «Имидж бен іскерлік қарым-қатынас» пәнін оқытудың мақсаттары: 1. Білім алушылардың жеке және кәсіби имидж қалыптастыру туралы теориялық білімдерін дамыту 2. Іскерлік ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру 3. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынастың ерекшеліктерін меңгерту 4. Іскерлік этика, этикет және протокол нормаларын тәжірибеде қолдануға үйрету 5. Кәсіби қызметте өзін-өзі ұсыну мәдениетін дамыту 6. Қақтығыстарды басқару, келіссөздер жүргізу және іскерлік байланыстарды орнату қабілеттерін жетілдіру 7. Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсіби тұлға қалыптастыру 1.2. Оқу міндеті: қарым-қатынастың жалпы және іскерлік мәдениетін, іскерлік қарым-қатынас тәсілдерін, мәдениет мекемесінің қызметіндегі іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктерін түсіну; имидж құру принциптерін, әдістерін, тәсілдерін, моральдық бағалаудың әртүрлілігі мен бірлігін, модельдерді құруды және пайдалануды үйрету; басқару этикасы мен корпоративтік мәдениеттің негізгі психологиялық параметрлерінің тиісті дағдылардын меңгерту 1.3. Туризм инфрақұрылымы пәнін оқытудың нәтижелері: Имидж типтері мен іскерлік қарым-қатынас негіздері туралы білімді қолданады, кәсіби ортада тиімді өзара іс-қимыл жасау және іскерлік қарым-қатынасты құжаттау үшін сөйлеу, логикалық, психологиялық және вербалды емес коммуникация құралдарын пайдаланады. 1.4. Пререквизиттер. Мектеп бағдарламасы 1.5. Постреквизиттер. Қонақжайлық индустриясы негіздері 1.6. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 4 кредит 1.7. Курстың қиындық деңгейлері: орта деңгей
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.