Варианты зачисления на курс

ҚР мемлекеттік бюджеті
Финансы и учёт
Жумажанова Марал Темирбаевна – сеньор-лектор, 1. ЖАОК-тың сипаттамасы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті пәні мемлекеттік қаржы жүйесінің негіздері, бюджеттік саясаттың мазмұны мен маңызы, бюджеттік үдерісті ұйымдастыру қағидаттары мен әдістері туралы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында студенттер бюджеттік кірістер мен шығыстарды жоспарлау, бюджетаралық қатынастарды реттеу, бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды басқару мәселелерін меңгереді. Сонымен қатар қолданыстағы нормативтік-құқықтық база мен типтік бюджеттік әдістемелер негізінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді талдау, бюджеттік жоспарлар мен мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және басқарушылық шешімдерді негіздеу үшін қажетті деректерді жинау, өңдеу және есептеу бойынша практикалық дағдыларды игереді. 1.1 Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты студенттердің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бюджетінің жұмыс істеу тетіктерін талдау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Курстың мазмұны бюджеттік жүйенің принциптерін, мемлекеттік қаржыны басқару әдістерін ашады, сондай-ақ билік деңгейлерінің өзара іс-қимылын бағалау және бюджет қаражатын тиімді бөлу мен пайдалану құралдарын қолдану қабілетін дамытуға бағытталған. Бюджеттік процесті талдау және мемлекеттік қаржы саласында басқарушылық шешімдер қабылдау дағдылары қалыптастырылады. 1.2 Пәннің міндеттері:  Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұнын түсіндіру;  ҚР бюджет жүйесін үйрету;  Мемлекеттік кірістер мен шығыстарды талдау – салықтар, басқа да міндетті төлемдер, әлеуметтік және инвестициялық шығыстардың рөлін көрсету;  ҚР-дағы бюджеттік саясаттың ерекшеліктерін зерттеу;  Студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыру – бюджет көрсеткіштерін есептеу, қаржылық құжаттармен жұмыс істеу, талдау жасау қабілетін дамыту. 1.3 Оқыту нәтижелері. Қаржы құжаттарын талдауға, сондай-ақ бюджеттік мекемелерде, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің шығыстарын жоспарлаумен, орындаумен және бақылаумен айналысатын жергілікті басқару органдарында бюджеттік саясатты және мемлекеттік қаржыны басқаруды жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қабілетті. 1.4 Пререквизитері. Қаржы, Салықтар және салық салу 1.5 Постреквизиттері. Қорытынды аттестаттау 1.6 Академиялық кредит саны/ЖАОК-тың ұзақтығы: 5 кр./1 семестр 1.7. Курстың меңгеру деңгейі: Бұл курс студенттерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің негізгі теориялық және қолданбалы негіздерін меңгеруге арналған. Пән мемлекеттік бюджеттің мәні мен экономикадағы рөлін, бюджеттік жүйенің құрылымын, бюджеттік үдерістің нормативтік-құқықтық негіздерін, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау мен қаржыландырудың негізгі механизмдерін қамтиды. Курс барысында студенттер мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстарын талдау, бюджетаралық қатынастарды бағалау, бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды басқару ерекшеліктерін зерттеу, әлеуметтік және экономикалық шығындардың тиімділігін анықтау, сондай-ақ макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып бюджеттік саясатты бағалау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.