Варианты зачисления на курс

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі сервисі және қызмет көрсету стандарттары
Туризм и сервис
Муканова Б.Ш. сеньор - лектор, магистр. 1.1 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі сервисі және қызмет көрсету стандарттары - мейрамхана және мейманхана бизнесіндегі сервистік қызметтің мәнін, қызмет көрсету стандарттарын, сапаны басқару қағидаларын, қонақтарға қызмет көрсетудің халықаралық және ұлттық стандарттарын, сондай-ақ сервис мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктерін қарастырады. Пән аясында қызмет көрсету процестерін ұйымдастыру, персоналдың кәсіби мінез-құлқы, сервистік этикет және қонақжайлылық философиясы зерделенеді. 1.2 Пәннің мақсаты - білім алушыларға мейрамхана және мейманхана бизнесінде жоғары сапалы сервис пен қызмет көрсету стандарттарын меңгерту, оларды психологиялық, этикалық, эстетикалық және ұйымдастырушылық талаптарға сәйкес кәсіби тәжірибеде қолдана білуге үйрету. 1.3 Пәнді оқытудың міндеттері: - мейрамхана және мейманхана кәсіпорындарында қызмет көрсету стандарттарын енгізу және сақтаудың заманауи әдістерін меңгерту; - сервистік қызмет көрсету процестерін ұйымдастыруда инновациялық технологиялар мен халықаралық тәжірибені қолдану қабілетін қалыптастыру; - әртүрлі санаттағы қонақтарға қызмет көрсету кезінде кәсіби этика, сервис мәдениеті және коммуникация нормаларын сақтауға үйрету; 1.4 Курстың пререквезиті: Туризмдегі кәсіби этика, HR менеджмент. 1.5 Курстың постреквезиті: Мейрамхана және қонақ үй бизнесін ұйымдастыру Кредит саны 5 Курстың күрделілік деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.