Варианты зачисления на курс
Туризмдегі кәсіби этика
Туризм и сервис
Ахметова Галия Базархановна, экономикалық ғылымдар магистрі, сеньор-лектор.
1. Туризмдегі кәсіби этика ЖАОК сипаттамасы
1.1. Оқу мақсаты: этикалық пәнді оқытудың мақсаты – студенттерде кәсіби этика мен әдеп, басқару этикасы саласында білім мен дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ ұжымда тиімді жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Пәнді оқу барысында студенттер іскерлік қарым-қатынас үдерісіндегі коммуникациялық процестерді талдауды, іскерлік өзара әрекеттесуге кедергі келтіретін факторларды анықтауды, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеуді және ұйымдағы коммуникацияларды тиімді басқаруды меңгереді.
1.2. Оқу міндеті: Білім алушыларды кәсіби этика және әдеп негіздерімен, іскерлік кездесулерді өткізу барысындағы кәсіби этика туралы біліммен, басқару этикасымен, сондай-ақ туризм саласындағы іскерлік қарым-қатынастар әдістемесімен таныстыру.
Клиенттермен қарым-қатынас жасау, іскерлік кездесулер мен әңгімелер өткізу барысында коммуникациялық процестерді талдауға үйрету, жоғары кәсібилік деңгейін көрсету және іскерлік өзара әрекеттесуге кедергі келтіретін факторларды болдырмау; әдеп нормаларын сақтау, кәсіби маман болу және персоналды әдепті түрде басқару қабілеттерін қалыптастыру.Туристік өнімді тұтынушылармен сауатты коммуникациялық мінез-құлық дағдыларын, туристердің ұлттық ерекшеліктерін сипаттау дағдыларын, қызмет көрсету және персоналды басқару үдерісінде конструктивті өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру.
1.3. Туризм инфрақұрылымы пәнін оқытудың нәтижелері: Кәсіби этика бойынша білімі бар және іскерлік кездесулер өткізу кезінде дағдыларды пайдаланады
1.4. Пререквизиттер. Мектеп бағдарламасы
1.5. Постреквизиттер. Қонақжайлылық теориясы, Қонақ үй қызмет көрсету сервисі
1.6. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 4 кредит
1.7. Курстың қиындық деңгейлері: орта деңгей
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.