Варианты зачисления на курс

Мобильді қосымшаларды бағдарламалау (iOS және Android)
Информационные технологии
Сейталиева Алима Акдильдаевна – ж.ғ. магистрі, сеньор-лектор, Сисембаева Ақмөлдір Нұрланқызы - магистр, ассистент. 1. ЖООК мінездемесі 1.1 Оқу мақсаты – білім алушыларда iOS және Android платформаларына арналған мобильді қосымшаларды әзірлеу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, мобильді әзірлеудің заманауи бағдарламалау тілдерін, құралдары мен технологияларын меңгерту, сондай-ақ мобильді бағдарламалық өнімдерді жобалау, іске асыру және сүйемелдеу саласындағы кәсіби құзыреттерді дамыту. Оқу міндеттері:  білім алушыларда iOS және Android платформаларына арналған мобильді қосымшаларды әзірлеудің архитектурасы мен негізгі қағидаттары бойынша базалық білім қалыптастыру;  мобильді қосымшаларды әзірлеудің заманауи құралдары мен орталарын, сондай-ақ пайдаланушы интерфейсін құру және деректермен жұмыс істеу әдістерін меңгеру;  өнімділік пен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, мобильді қосымшаларды жобалау, тестілеу және енгізу бойынша практикалық дағдыларды дамыту. Оқу нәтижелері:  iOS және Android платформаларына арналған мобильді қосымшалардың негізгі қағидаттарын, архитектурасын және өмірлік циклін түсінеді;  мобильді қосымшаларды әзірлеу және жөндеу, пайдаланушы интерфейсін жобалау және деректермен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді;  қауіпсіздік пен өнімділік талаптарын ескере отырып, мобильді қосымшаларды тестілеу, оңтайландыру және жариялауға дайындау бойынша практикалық дағдыларды көрсетеді; – мобильді әзірлеу саласындағы оқу және практикалық міндеттерді шешуде алған білімдері мен дағдыларын қолдана алады. Пререквизиттер: «Мобильді қосымшаларды бағдарламалау (iOS және Android)» пәні бойынша МООК-ты меңгеру үшін компьютерлік жүйелермен, операциялық жүйелермен және деректер қорымен жұмыс істеудің базалық білімдері қажет. Постреквизиттер: МООК-ты оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар бағдарламалық қамтамасыз ету архитектурасын меңгеру және мобильді қосымшаларды сыртқы сервистермен интеграциялау үшін қажет.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.