Варианты зачисления на курс
Операциялық жүйелер
Информационные технологии
Ергеш Манас Жантуғанұлы - техника ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор.
1.ЖАОК сипаттамасы
1.1 Зерттеу мақсаты: Бағдарлама заманауи операциялық жүйелерді құру саласындағы теориялық білімді қалыптастыруға бағытталған. Курста есептеу процестерін ұйымдастыру тәсілдері, қолданбалы бағдарламалардың операциялық жүйемен өзара әрекеттесу алгоритмдерін әзірлеу әдістері және оларды іске асыру механизмдері қарастырылады. Операциялық жүйелердің мақсаты мен функциялары, операциялық жүйелер архитектурасы, процестерді, ағындарды және жадты басқару, енгізу-шығару жүйелері мен файлдық жүйелерді басқару мәселелері оқытылады.
1.2 Оқу міндеттері:
- Операциялық жүйелердің архитектурасымен, олардың негізгі жұмыс істеу қағидаларымен, есептеу ресурстарын басқару тәсілдерімен (процестер, жад, файлдық жүйелер, енгізу-шығару құрылғылары), қауіпсіздік механизмдерімен және пайдаланушымен өзара әрекеттесу құралдарымен таныстыру.
- Әртүрлі типтегі операциялық жүйелердің құрылымы мен жұмыс істеу ерекшеліктерін талдауға, операциялық жүйелерді әкімшілендіру құралдарын қолдануға, командалық жолмен және конфигурациялық файлдармен жұмыс істеуге, пайдаланушылық және жүйелік процестерді басқаруға, көппайдаланушылық ортада қолжетімділік пен ресурстарды баптауға үйрету.
- Операциялық жүйелердің архитектурасы мен жұмыс істеу қағидаларын талдау, процестерді, ағындарды, жадты және файлдық жүйелерді басқару, командалық жолмен және жүйелік шақырулармен өзара әрекеттесу, сондай-ақ Windows және Linux негізіндегі операциялық жүйелерді базалық деңгейде әкімшілендіру және баптау дағдыларын дамыту.
1.3 Оқу нәтижелері: Білім алушы операциялық жүйелерде процестерді, жадты және енгізу-шығару жүйелерін басқару механизмдерін талдайды. Бағдарламалардың операциялық жүйемен өзара әрекеттесу алгоритмдерін әзірлейді, олардың жұмысын жобалайды және оңтайландырады. Операциялық жүйелерді баптайды, диагностикалайды және өнімділігін арттырады, оларды тиімді қолдануға арналған басқару саясаттарын әзірлейді.
2.Пререквизиттер: Алгоритмдер, деректер құрылымдары және бағдарламалау (Си тілі)
3.Постреквизиттер: Компьютерлік желілер және компьютерлік желілерді әкімшілендіру
ЖАОК құрылымы (кемінде 2-4 модуль)
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.