Варианты зачисления на курс
Объектіге бағытталған бағдарламалау (Java)
Информационные технологии
Сейталиева Алима Акдильдаевна – магистр е.н., Оралханов Бердибек Оралханович – магистр т.н., ассистент.
ЖООК мінездемесі
Пәнді оқыту мақсаты:
Пәннің мақсаты – білім алушыларға объектіге бағытталған бағдарламалау саласында терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, Java тілінде бағдарламалау негіздерін меңгерту, Eclipse даму ортасында кәсіби деңгейде жұмыс істеу қабілетін жетілдіру, сондай-ақ бағдарламаларды құру, оңтайландыру және түзету дағдыларын дамыту.
Пәнді оқу міндеттері:
Объектіге бағытталған бағдарламалаудың негізгі ұғымдары мен принциптерін меңгерту.
Java тілінің синтаксисі мен негізгі құралдарын үйрету.
Eclipse даму ортасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бағдарламалар құруға дағдыландыру.
Деректер түрлері, айнымалылар, операторлар және объектілермен жұмыс істеу тәсілдерін игерту.
Бағдарламалық кодты оңтайландыру және қателерді түзету әдістерін үйрету.
Практикалық тапсырмалар арқылы білім алушылардың алгоритмдік ойлауын және бағдарламалау машықтарын жетілдіру.
Пәнді оқыту нәтижелері:
Объектіге бағытталған бағдарламалау принциптерін қолдана алады, күрделі шешімдерді жүзеге асыру үшін полиморфизм құралдарын қолдана отырып, деректердің абстракциясын құру және олардың өзара әрекеттесу міндетін бөледі, дизайн үлгілерін дұрыс қолданады
Пререквизиттер: Python тілінде бағдарламалау негіздері
Постреквизиттер: Web -қосымшаларды жобалау және әзірлеу
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.