Варианты зачисления на курс

Қызмет көрсету саласындағы НR менеджмент
Туризм и сервис
Муканова Б.Ш. сеньор - лектор, магистр, ЖАОК сипаттамасы HR-менеджментті зерделей отырып, білім алушы ұйымдастырушылық құрылымдардың түрлерін және оларды оңтайландыру технологиясын анықтайды, персоналдың тартылуын және қызметтер саласындағы әлеуетті бағалаудың негізгі құралдарын айқындайды. Пәннің мақсаты- HR-менеджменттің мәні және модельдердің эволюциясы, менеджердің қызметі, рөлі, біліктілігі және жеке қасиеттері және қызмет көрсету саласында шешім қабылдау әдістері туралы білімді қалыптастыру. Пәнді оқытудың міндеттері ­ білім алушыларды адам ресурстарын басқарудың теориялық негіздерімен және қазіргі заманғы үрдістерімен, сондай-ақ ұйымдық құрылымдағы HR-маманның рөлімен таныстыру; ­ кадрларды іріктеу, бағалау, оқыту, ынталандыру және дамытумен байланысты практикалық міндеттерді шешу үшін HR-менеджменттің негізгі құралдары мен әдістерін қолдануға үйрету; ­ HR - процестердің тиімділігін бағалауды талдау дағдыларын, сондай-ақ бизнестің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін HR-стратегияларды әзірлеу және іске асыру қабілетін дамыту. Оқыту нәтижелері: Қызмет көрсету саласында тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін HR-менеджмент бойынша білімді қолданады, персоналдың әлеуетін бағалау құралдарын пайдаланады, тартылу деңгейін анықтайды және кәсіпорынның мақсаттарына сәйкес ұйымдастырушылық құрылымдарды оңтайландырады. 1.5. Курстың пререквезиті Мейманхана және мейрамхана менеджменті 1.6. Курстың постреквезиті 1.6 Ресми және дипломатиялық қабылдауларға қызмет көрсету Кредит саны 5
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.