Варианты зачисления на курс

Топырақ экологиясы
Химия, химическая технология и экология
Өнерхан Гүлжайна, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, 1. ЖАОК сипаттамалары 1.1 Курс мақсаты: Топырақтың шығу тегі мен түзілу заңдылықтарын, құрамы мен қасиеттерін, экожүйедегі қызметтері мен құнарлығын, сондай-ақ ластану түрлері мен оларды болдырмау, қалпына келтіру шараларын ғылыми және қолданбалы деңгейде меңгерту. 1.2 Курс міндеттері: • Топырақ жамылғысын ғаламшарда заттардың биологиялық айналымында жетекші рөл атқаратын биосфераның маңызды компоненті ретінде қарастыру және оның биосферадағы экологиялық маңызын ашып көрсету; • Студенттерге топырақ типтерінің физикалық, сулық, физика-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамы туралы және олардың адам шаруашылығында пайдалану барысында өзгеру ерекшеліктері жөнінде жүйелі білім беру; • Жер бетінде топырақ жамылғысының географиялық таралу заңдылықтарын (көлденең және тік зоналылық) түсіндіру, далалық және зертханалық зерттеу әдістерімен таныстыру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттарға арналған топырақ карталарын құрастыру әдістерін үйрету; • Студенттерді топырақ жамылғысының қазіргі экологиялық жағдайымен таныстыру, ұзақ уақыт пайдалану, эрозия, шөлдену және басқа да деградациялық процестер салдарынан туындаған өзгерістерді талдау және топырақты тиімді пайдалану мен қорғау жолдарын көрсету. 1.3 Оқыту нәтижелері: • Топырақтың анықтамасын, генетикалық қабаттарын, түзілу факторлары мен негізгі типтерін біледі; • Топырақтың құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері мен экологиялық рөлін түсінеді; • Құнарлық категорияларын, деградация түрлерін және қорғау шараларын меңгереді; • Топырақтың морфологиялық құрылымын сипаттап, физикалық және химиялық көрсеткіштерін анықтай алады; • Ластану көздерін талдап, оны болдырмау мен қалпына келтіру жолдарын ұсына алады; • Зертханалық және далалық жұмыстарды орындау, мәліметтерді талдау және ғылыми есеп дайындау дағдыларын игереді; • Экологиялық ойлау қабілеті қалыптасып, топырақ ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға бағытталған шешім қабылдай алады. 2. Пререквизиттер. «Аналитикалық және физколлоидтық химия», «Гидроэкология». 3. Постреквизиттер. «Кәсіпорындағы экологиялық құжаттама». 4. Академиялық кредиттер саны-5; ЖАОК ұзақтығы-15 минут. 5. Курстың қиындық деңгейі: орта деңгей.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.