Варианты зачисления на курс

Мейманхана және мейрамхана менеджменті
Туризм и сервис
Абеуханова Еркежан Бахытбековна экономикалық ғылымдар магистрі, сеньор-лектор, 1. Мейманхана және мейрамхана менеджменті ЖАОК сипаттамасы 1.1. Оқу мақсаты: пәнді оқыту мақсаттарын анықтағанда, білім алушылардың пән бойынша негізгі білімдерін қалыптастыру, дағдыларын дамыту және кәсіби қабілеттерін жетілдіру көзделді. «Мейманхана және мейрамхана менеджменті» пәнін оқытудың мақсаттары 1. Менеджменттің теориялық негіздерін түсіндіру. Білім алушыларға менеджменттің мәні, қағидалары, функциялары мен қонақ үй және мейрамхана саласындағы рөлі туралы түсінік беру. 2. Қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының қызметін ұйымдастыруды үйрету. Қызмет көрсету құрылымын, бөлімдердің өзара әрекетін, персоналдың міндеттерін және басқару деңгейлерін түсіндіру. 3. Стратегиялық және операциялық басқару дағдыларын қалыптастыру. Нарықтық жағдайды ескере отырып, кәсіпорынның миссиясын, мақсаттарын айқындау, даму стратегиясын жоспарлау және оны іске асыру жолдарын меңгерту. 4. Қызмет сапасын басқару және тұтынушылармен қатынас орнатуды үйрету. Қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу, тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау, шағымдармен жұмыс істеу және қонақтардың қанағаттанушылығын арттыру әдістерін үйрету. 5. Қаржылық және материалдық ресурстарды басқару негіздерін түсіндіру. Бюджеттеу, шығындарды бақылау, табыстылықты талдау және тиімді ресурстық саясатты қалыптастыру жолдарын көрсету. 6. Мейманхана және мейрамхана менеджментіндегі заманауи технологияларды қолдану. Ақпараттық жүйелер, брондау және есепке алу бағдарламалары, онлайн-маркетинг және цифрлық басқару құралдарын тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. 7. Персоналды басқару және мотивациялау тәсілдерін үйрету. Қызметкерлерді іріктеу, оқыту, еңбекақы жүйесін ұйымдастыру және тиімді ынталандыру тетіктерін түсіндіру. 8. Менеджмент тиімділігін бағалау және талдау дағдыларын дамыту. Кәсіпорынның қызмет нәтижелерін бағалау, көрсеткіштер жүйесін талдау, шешім қабылдау және тәуекелдерді басқару әдістерін меңгерту. 9. Менеджмент этикасы мен корпоративтік мәдениетті қалыптастыру. Қызмет көрсету саласында кәсіби этиканы сақтау, ұжымдық құндылықтарды дамыту, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті насихаттау. 10. Практикалық басқару құзыреттерін дамыту. Іскерлік ойындар, нақты жағдайларды талдау (case-study), қонақ үй немесе мейрамхана моделін жасау арқылы кәсіби тәжірибе мен басқарушылық ойлау қабілетін жетілдіру. 1.2. Оқу міндеті: Қонақ үй және мейрамхана саласындағы менеджменттің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, тарихи және қазіргі заманғы үрдістерін түсіндіру; қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарын жоспарлау, ұйымдастыру және басқару принциптерін үйрету; саланың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық маңызын талдау; басқару тиімділігін бағалау және оны арттыру әдістерін меңгерту; менеджмент саласындағы практикалық басқару дағдыларын қалыптастыру; қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдерді қолдану қабілетін дамыту. 1.3. «Мейманхана және мейрамхана менеджменті» пәнін оқытудың нәтижелері: менеджменттің негізгі ұғымдары мен терминологиясын біледі және түсіндіреді; қонақ үй және мейрамхана саласындағы менеджменттің даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін талдайды; кәсіпорын қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау қабілетін көрсетеді; экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторларды ескере отырып тиімді басқарушылық шешімдер қабылдайды; қызмет көрсету сапасын бағалау және оны жетілдіру әдістерін қолданады; заманауи менеджмент технологиялары мен цифрлық шешімдерді қонақ үй және мейрамхана қызметін басқаруда пайдаланады; персоналды басқару, кәсіби коммуникация орнату және командада тиімді жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді; нақты жағдайларды талдайды, басқарушылық есептерді шешеді және қонақ үй мен мейрамхана кәсіпорындары үшін даму стратегияларын әзірлейді. 1.4. Пререквизиттер. Осы ЖАОК-ты меңгеру үшін келесі курстарды оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар қажет: Мектеп бағдарламасы 1.5. Постреквизиттер. ЖАОК-ты оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар келесі курстарды меңгеру үшін қажет: Қызмет көрсету саласындағы НR менеджмент 1.6. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5 кредит 1.7. Курстың қиындық деңгейлері: орта деңгей
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.