Варианты зачисления на курс

Автоматиканың бақылау-өлшеу аспаптары
Компьютерная инженерия и автоматизация
Жармаганбетова Г.М-Магистр, сеньор-лектор, Саттыкова Б.Е-Магистр, ассистент, 1.1 ЖАОК сипаттамасы "Автоматиканың бақылау-өлшеу аспаптары" курсты оқытудың мақсаты студенттерді зерттеу мен өндірісте жиі қолданылатын физикалық шамаларды зерттеумен, өлшеуге қажетті өлшеу жүйелері мен құралдарының түрлері мен негізгі принциптерімен, электрлік, магниттік және электрлік емес шамаларды өлшеудің негізгі әдістері мен құралдарымен, өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалау әдістерімен таныстыру болып табылады 1.2 Оқудың міндеттері: 1. Бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеу принциптерін зерделеу 2. Автоматты реттеу және басқару негіздерін меңгеру 3. Аспаптармен және жүйелермен жұмыс істеудің практикалық дағдылары 4. КИПиА жүйелерін әзірлеу және жобалау 5. Қазіргі цифрлық зерттеу 1.3 Оқу нәтижелері: Білім алушылар нақты міндеттерді шешу үшін бақылау-өлшеу аспаптары мен датчиктердің параметрлерін таңдау мен есептеуді, сондай-ақ оларды баптау мен калибрлеуді қоса алғанда, әртүрлі физикалық шамаларды өлшеуге арналған аспаптармен жұмыс істеуді меңгереді. Олар Бақылау-өлшеу құралдарын автоматты басқару жүйелеріне қосу және біріктіру дағдыларын үйренеді. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер технологиялық процестерді бақылаудың дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ете отырып, өлшеу жабдықтарын автоматтандырылған жүйелерде тиімді қолдана алады 1.4 Пререквизиттер. Мамандыққа кіріспе 1.5 Постреквизиттер. Автоматтандыру және басқарудың техникалық құралдары. 1.6 5 кредит/45 1.7 Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.