Варианты зачисления на курс

Тағам өндірісінің үрдістері және аппараттары
Технология и стандартизация
Карманова Г.К. сеньор - лектор, ЖАОК сипаттамасы: 1.1. Курстың мақсаты тыңдаушыларды конструкцияларды ұтымды таңдауға, белгілі бір технологиялық үрдістер үшін машиналар мен аппараттарды есептеуге, сондай-ақ оларды дайын өнімнің ең аз шығыны мен жоғары сапасы кезінде барынша өнімділікке қол жеткізуге бағытталған орынды өнеркәсіптік пайдалану әдісімен оқытып-үйрету, сондай-ақ негізгі үрдістерді, аппараттар мен тамақ технологиясы машиналарын зерделеу. 1.2 Курстың міндеттері: 1. Тамақ өнеркәсібінде пайдаланылатын технологиялық үрдістердің негізгі түрлерін (гидродинамикалық, жылу, масса алмасу, механикалық және т.б.) зерделеу; 2. Тиісті аппараттардың жұмыс істеу қағидаттарын, жіктелуін және құрылымын игеру; 3. Технологиялық үрдістер мен жабдықтардың параметрлерін есептеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру; 4. Өндірістің нақты жағдайларына арналған аппараттарды жобалау және таңдау кезінде инженерлік-технологиялық ойлауды дамыту; 1.3 Курсты оқыту нәтижелері: тағам өндірісінің үрдістерінің кластары, топтары және түрлері бойынша жіктейді, гидромеханикалық, механикалық, масса алмасу, жылу алмасу үрдістерін есептеудің теориялық негіздері туралы білімін көрсетеді және олардың мәні мен мақсатын сипаттайды. 1.4.Пререквизиттері: БҚОК-ты меңгеру үшін келесі курстарды зерделеу кезінде алынған білім, іскерлік және дағдылар қажет: Өнімдерді өңдеудің физикалық әдістері 1.5 Постреквизиттері: БҚОК-ты зерделеу кезінде алынған білім, іскерлік және дағдылар мынадай курстарды игеру үшін қажет: Тамақ өндірісінің технологиялық жабдығы. Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы – 5 кредит Курстың күрделілік деңгейі: бастауыш, орта, жоғары
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.