Варианты зачисления на курс

Қаржы ұйымдарындағы есеп және есептілік
Финансы и учёт
Рейдолда Саулегүл – экономика ғылымдарының магистрі, сеньер лектор, ББОК сипаттамасы - Пәннің мазмұны бастапқы құжаттарды толтыру, бухгалтерлік есеп регистрлерін толтыру, қаржылық есептерді жасау бойынша өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 1.1 Оқытудың мақсаты: Пәннің мақсаты қаржылық ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесімен және қағидаттарын қарастыру болып табылады. 1.2 Оқыту міндеттері: - қаржы ұйымдарындағы есеп пен есептілікті жүргізудің теориялық, әдістемелік және практикалық негіздерін меңгеру; - банктер мен өзге де қаржы ұйымдарында бухгалтерлік есептің жекелеген түрлерін қолдану ерекшеліктерін түсіну және басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті есептік ақпаратты талдай білу; - қаржы ұйымдарында қолданылатын бухгалтерлік есеп әдістері мен тәсілдерін терең меңгеру; - қаржы ұйымдарының қызметі барысында орын алатын қаржылық жағдайлардың себептерін және оларға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды анықтай білу; - қаржы ұйымдарының қаржылық есептілігі негізінде қаржылық жағдайын бағалай білу; - қаржы ұйымдарында есеп процесін тиімді ұйымдастыруды, сондай-ақ негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауды үйрену; - қаржы ұйымдарының қаржылық активтерінің құрамы мен қозғалысын есепке алу, талдау және бағалау әдістемесін меңгеру. Оқыту нәтижесі: Қаржы ұйымының есебін дербес жүргізуге және есептілігін қалыптастыруға, қаржылық жағдайын талдауға және заңнама мен стандарттардың талаптарына сәйкес басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпарат беруге қабілетті. Қаржы ұйымдарындағы есеп пен есептіліктің рөлі мен маңызын, банктердегі, сақтандыру компанияларындағы, инвестициялық және өзге де қаржы ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің нормативтік-құқықтық базасын игереді. 1. Пререквизиттер. Осы ББОК игеру үшін келесі курстарды оқу кезінде алған білім, білік және дағдылар қажет. Қаржылық есеп 1 2. Постреквизиттер. ББОК үйрену кезінде алынған білім, дағдылар келесі курстарды игеру үшін қажет: Мемлекеттік аудит 3. Академиялық кредиттер саны/ ББОК ұзақтылығы 4. Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.