Варианты зачисления на курс
Тағам химиясы
Технология и стандартизация
Агедилова Мереке Туяковна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордың м.а.
1. Жаппай ашық онлайн курсының (МООК) сипаттамасы
1.1 Оқу мақсаты: Пән ғылымның заманауи жетістіктеріне сәйкес тамақ технологияларының арнайы курстары үшін теориялық және практикалық негізді құрайтын білім алушылардың білімін тереңдету және тағамдық заттардың негізгі топтарын, физика-химиялық қасиеттері мен өзгерістерін зерттеу мақсатында оқытылады.
1.2 Оқу міндеттері: Тағамдық заттардың негізгі топтарымен (ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, минералды заттар және т.б.), олардың құрылымдық ерекшеліктерімен және физика-химиялық қасиеттерімен таныстырады. Білім алушылардың ғылыми ойлауын, аналитикалық және зертханалық жұмыс дағдыларын, тағам сапасын бағалау мен болжау қабілеттерін, сонымен қатар кәсіби бағдарланған теориялық және практикалық білімін дамытады.
1.3 Оқыту нәтижелері: Азық-түлік өнімдерінің химиялық құрамы, оларды сақтау және өңдеу кезінде болатын өзгерістер туралы білімдерін, сонымен қатар азық-түлік шикізаты мен дайын өнімді талдау және бағалау дағдыларын дамытады.Тағамдық компоненттердің қасиеттерін, тағам өндіру барысында жүретін химиялық реакцияларды, сондай-ақ заманауи тағам технологияларының негізінде осы процестерді басқару әдістерін үйретеді.
1. Пререквизиттер: Аналитикалық және физколлоидты химия
2.Постреквизиттер: Нутрициология, Азық-түлік өнімдері салаларының технологиясы
3. Академиялық кредиттер көлемі / MOOК ұзақтығы: 5 кредит / 15 апта
4. Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.