Варианты зачисления на курс
Саудадағы және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп
Финансы и учёт
Рейдолда Саулегүл – экономика ғылымдарының магистрі, сеньер лектор,
ББОК сипаттамасы - пәннің мазмұны қызмет көрсету саласындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігін, шаруашылық операцияларды, кірістер мен шығыстарды есепке алу, қызметтердің өзіндік құнын анықтау, қорларды есепке алу, қаржылық есептіліктегі ақпараттың мәнін ашу мәселелерін оқытуға бағытталған.
1.1 Оқытудың мақсаты: пәннің мақсаты білім алушыларға қызмет көрсету саласында бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілікті ұсыну негізі жөнінде білімді береді.
1.2 Оқыту міндеттері:
− Теориялық және әдістемелік негізді игеру: Сауда операциялары мен қоғамдық тамақтану саласындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың, халықаралық және ұлттық стандарттарға сай есеп саясатын қалыптастырудың теориялық негіздерін меңгеру;
− Салалық есептің ерекшеліктерін қолдану: Саудадағы тауар қозғалысын (сатып алу, сату, қайтару) және қоғамдық тамақтанудағы тағамдардың өзіндік құнын калькуляциялауды, сауда үстемесін есептеуді және оларды құжаттандыруды үйрену;
− Есеп әдістерін меңгеру: Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістерін (FIFO, орташа құн), инвентаризациялау және тауарлардың табиғи кемуін есептен шығару әдістемелерін жете меңгеру;
− Факторларды анықтау және себеп-салдарды талдау: Сауда тауар айналымының көлеміне, жалпы пайдаға және өндіріс шығындарына (айналыс шығындарына) әсер ететін факторларды анықтап, тауар қалдықтарының нормадан тыс ауытқу себептерін талдай білу;
− Қаржылық жағдайды және тиімділікті бағалау: Сауда кәсіпорнының төлем қабілеттілігін, тауарлардың айналымдылығын және қоғамдық тамақтану нысандарының рентабельділігін бағалай білу;
− Тиімді басқару шешімдерін қабылдау: Кәсіпорынның сауда саясатын оңтайландыру, тауар ассортиментін басқару және шығындарды азайту бойынша есептік мәліметтер негізінде ең тиімді басқарушылық шешімдер қабылдап үйрену;
− Активтер мен міндеттемелерді бағалау әдістемесі: Сауда саласындағы ақша қаражаттарының (кассалық операциялар, POS-терминалдар), дебиторлық және кредиторлық берешектердің, сондай-ақ материалдық емес активтердің құрамы мен қозғалысын есепке алу және бағалау әдістемесін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Саудадағы бухгалтерлік есептің мақсаттарын, міндеттерін және негізгі принциптерін меңгере отырып, сауда ұйымдарында бухгалтерлік кәсіптің кәсіби және этикалық шеңберінде жұмыс істеу қабілетін көрсетеді.
1. Пререквизиттер. Осы ББОК игеру үшін келесі курстарды оқу кезінде алған білім, білік және дағдылар қажет. Қаржылық есеп 1
2. Постреквизиттер. ББОК үйрену кезінде алынған білім, дағдылар келесі курстарды игеру үшін қажет: Аудит 2
3. Академиялық кредиттер саны/ ББОК ұзақтылығы
4. Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.