Варианты зачисления на курс
Тоңазытқыш техникасы мен технологиясы
Технология и стандартизация
Тасболат Ғалымжан Жұмабекұлы – техника ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор,
1. Жаппай ашық онлайн курсының (МООК) сипаттамасы
1.1 Оқу мақсаты: білім алушылардың өндірістің технологиялық, техникалық және экологиялық аспектілерін оңтайландыру үшін, сондай-ақ тоңазыту техникасына байланысты нақты өндірістік міндеттерді шешу үшін жасанды интеллектті енгізуді ескере отырып, тоңазыту технологиясы мен техникасы саласында білім алуы және меңгеруі болып табылады.
1.2 Оқу міндеттері: Тоңазытқыш техникасының теориялық негіздерін меңгерту, кері термодинамикалық циклдардың физикалық мәнін түсіндіру, бу сығымдау тоңазытқыш машиналарының жұмыс принциптерін талдау, тоңазытқыш агенттердің қасиеттері мен оларды таңдау критерийлерін үйрету, тоңазытқыш қондырғыларының негізгі және қосалқы элементтерінің құрылысын меңгерту, тоңазытқыш жүйелерін жобалау негіздерін қалыптастыру, жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздік талаптарын түсіндіру, энергия үнемдеу және экологиялық қауіпсіздік принциптерін қарастыру, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тоңазытқыш жүйелеріне енгізу бағыттарын меңгерту.
1.3 Оқыту нәтижелері: Тоңазытқыш жабдықтардың жұмыс істеу принциптері, оны пайдалану және техникалық қызмет көрсету әдістері туралы білімді, сондай-ақ тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тоңазыту технологияларын ұтымды пайдалану дағдыларын меңгереді.
1. Пререквизиттер: Жылу техникасы, технологиялық жабдық (салалар бойынша).
2.Постреквизиттер: Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттарын есептеу және құрастыру, тамақ өнеркәсібіндегі энергияны үнемдейтін технологиялар.
3. Академиялық кредиттер көлемі / MOOК ұзақтығы: 5 кредит / 15 апта
4. Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.