Варианты зачисления на курс

Өсімдік шаруашылығы негіздерімен астық өсіру
Технология и стандартизация
Тұрабаева А.Е сеньор - лектор, ЖАОК сипаттамасы: 1.1.Курс мақсаты Пәннің мақсаты – дәнді дақылдардың биологиялық сипаттамалары мен технологиялық қасиеттері туралы теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды алу. Студенттер астық шикізатының сипаттамасын, негізгі дәнді және бұршақ дақылдарының жіктелуін, себу әдістерін, дақылдарды күтіп-баптауды, дәнді дақылдардың зиянкестерімен және ауруларымен күресуді талдайды. Өсімдік шикізатынан өнім өндірудің технологиялық схемаларын жасау дағдыларын игереді 1.2 Курстың міндеттері: 1.Дәнді және бұршақ дақылдарының биологиялық ерекшеліктері, жіктелуі, өсіру технологиясы және зиянкестер мен аурулардың негізгі түрлерімен таныстырады. 2.Астық дақылдарын егу, күтіп-баптау, қорғау шараларын ұйымдастыру және өсімдік шикізатынан өнім өндірудің технологиялық схемаларын құрастыруды үйретеді. 3.Агротехнологиялық процестерді талдау, дақылдар өнімділігін арттыруға бағытталған шешім қабылдау және өндірістік жағдайларда технологияны дұрыс қолдану дағдыларын дамытады. Пәнді оқыту нәтижелері: Дәнді дақылдар мен егіншіліктің негіздерін меңгеру, дәнді дақылдардың түрлері мен қасиеттерін, оларды өсіру әдістерін зерттеу, сондай-ақ агротехникалық факторлардың астық өнімділігі мен сапасына әсерін бағалау. 1.5 Пререквизиттері: Қайта өңдеу өндірістерінің жалпы технологиясы 1.6 Постреквизиттері: Азық-түлік концентратының технологиясы, Өсімдік шаруашылығының екінші реттік шикізатын өңдеу технологиясы Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы – 5 кредит Курстың күрделілік деңгейі: бастауыш, орта, жоғары
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.