Варианты зачисления на курс

Мейрамхана және мейманхана бизнесіндегі кәсіпкерлік қызмет негіздері
Туризм и сервис
Абеуханова Еркежан Бахытбековна - экономикалық ғылымдар магистрі, сеньор-лектор. ЖАОК сипаттамасы 1.1. Оқу мақсаты: пәнді оқыту мақсаттарын анықтағанда, білім алушылардың пән бойынша негізгі білімдерін қалыптастыру, дағдыларын дамыту және кәсіби қабілеттерін жетілдіру көзделді. «Мейрамхана және мейманхана бизнесіндегі кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнін оқытудың мақсаттары 1. Кәсіпкерліктің теориялық негіздерін түсіндіру. Білім алушыларға кәсіпкерліктің мәні, принциптері, түрлері мен қонақ үй және мейрамхана бизнесіндегі рөлі туралы түсінік беру. 2. Қонақ үй және мейрамхана бизнесіндегі кәсіпкерлік ортаны талдауды үйрету. Нарықтық жағдайды, сұраныс пен ұсынысты, бәсекелестерді және бизнес ортаның факторларын талдау әдістерін меңгерту. 3. Кәсіпкерлік идеялар мен бизнес-жобаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыру. Қонақ үй мен мейрамхана саласында жаңа кәсіпорын ашу, бизнес-жоспар құру, мақсаттарды айқындау және даму стратегияларын жоспарлау қабілетін дамыту. 4. Кәсіпорынды басқару және ұйымдастыру негіздерін үйрету. Кәсіпкерлік қызметті тиімді ұйымдастыру, персоналды басқару, қаржылық және материалдық ресурстарды бөлу тәсілдерін түсіндіру. 5. Қонақ үй және мейрамхана бизнесіндегі заманауи технологияларды пайдалану. Цифрландыру, автоматтандырылған басқару жүйелері, онлайн брондау, бухгалтерлік және маркетингтік бағдарламаларды қолдану қабілетін қалыптастыру. 6. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау дағдыларын дамыту. Қаржылық көрсеткіштерді, кіріс пен шығынды талдау, инвестициялық шешімдердің тиімділігін анықтау және тәуекелдерді басқару әдістерін үйрету. 7. Кәсіпкерлік этикасы мен әлеуметтік жауапкершілікті түсіндіру. Бизнес жүргізуде адалдық, экологиялық тұрақтылық, қызметкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын сақтау, жергілікті мәдени құндылықтарды құрметтеу маңыздылығын түсіндіру. 8. Практикалық кәсіпкерлік дағдыларды дамыту.Іскерлік ойындар, бизнес-жоспар құрастыру, нақты мысалдармен талдау және шағын кәсіпорын моделін әзірлеу арқылы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. 1.2. Оқу міндеті: қонақ үй және мейрамхана саласындағы кәсіпкерліктің даму заңдылықтары мен тарихи және қазіргі үрдістерін түсіндіру; кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару принциптерін үйрету; қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық маңызын талдау; кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және оны арттыру әдістерін меңгерту; практикалық кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру; заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдерді қолдану қабілетін дамыту. 1.3. «Мейрамхана және мейманхана бизнесіндегі кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнін оқытудың нәтижелері: білім алушы кәсіпкерліктің негізгі ұғымдары мен терминологиясын біледі және түсіндіреді; қонақ үй және мейрамхана саласындағы кәсіпкерліктің даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін талдайды; кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару қабілетін көрсетеді; экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді ескере отырып тиімді бизнес-шешімдер қабылдайды; кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау және оны жетілдіру әдістерін қолданады; жаңа технологиялар мен инновацияларды кәсіпкерлік қызметке енгізеді; кәсіби қарым-қатынас орнатады және командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді; практикалық тапсырмаларды орындайды және қонақ үй мен мейрамхана бизнесі үшін бизнес-жобалар әзірлейді. 1.4. Пререквизиттер. Осы ЖАОК-ты меңгеру үшін келесі курстарды оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар қажет: Мектеп бағдарламасы
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.