Варианты зачисления на курс

ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ПОЛИМЕРЛЕРДІҢ ФИЗИКАСЫ МЕН ХИМИЯСЫ
Химия, химическая технология и экология
Жумабекова Арай Керимакыновна – х.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Сахова Мөлдір Нургалиевна - магистр, ассистент-оқытушы, Мұсабек Фариза Құрманбекқызы – магистр, ассистент-оқытушы, 1. ЖАОК сипаттамасы: Оқу мақсаты: «Табиғи және жасанды полимерлердің физикасы мен химиясы» курсының негізгі мақсаты – полимерлердің құрылысы, қасиеттері, синтезі мен қолданылу заңдылықтарын түсіндіру және оларды практикада тиімді пайдалануға үйрету. 1.1 Оқу міндеттері: - Полимерлердің молекулалық құрылымын, олардың жіктелуін және негізгі қасиеттерін меңгерту; - Табиғи және жасанды полимерлердің химиялық реакциялары мен синтез тәсілдерін үйрету; - Полимерлердің физикалық қасиеттерін (тұтқырлық, серпімділік, термиялық қасиеттер және т.б.) түсіндіру; - Полимер материалдарының құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланыстарды ашу; - Полимерлерді өндіру, өңдеу және қолдану салаларындағы негізгі технологиялық процестермен таныстыру; - Полимерлердің экологиялық және экономикалық маңызын бағалай білуге үйрету; - Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарда полимерлерді талдау мен сынау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. 1.2 Оқу нәтижелері: Табиғи және синтетикалық полимерлердің құрылымын, қасиеттерін және алу процестерін талдайды; материалдардың химиялық құрылымы мен пайдалану сипаттамалары арасындағы байланысты түсіндіреді; қолданбалы есептерді шешц үшін полмерлерді зерттеу және модификациялау әдістерін талдайды. 2. Пререквизиттер. Бейорганикалық химия, физика 3. Постреквизиттер. Полимерлердің және полимерлік материалдардың қасиеттерін зерттеудің заманауи әдістері 4. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5 5. Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.