Варианты зачисления на курс
ӨНІМДІ СЫНАУ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ
Технология и стандартизация
Акжолтаева Шынар Нуршабековна – магистр,
ЖАОК-тың сипаттамасы
Бұл ЖАОК білім алушыларда өнімдерді сынау, сапасын бақылау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заманауи түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Курс тағам өнімдері мен шикізаттың сапа көрсеткіштерін анықтау, оларды сәйкестендіру, бұрмалауды (фальсификацияны) анықтау, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау мәселелерін кешенді түрде қарастырады.
Ерекше назар өнім сапасын бақылаудың негізгі әдістеріне – органолептикалық, физика-химиялық, микробиологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтауға аударылады. Тағам өнімдерін сынау кезінде қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттар, стандарттар (ГОСТ, СТ РК, ISO, HACCP, ЕАЭО техникалық регламенттері) және сапаны басқару жүйелерінің рөлі түсіндіріледі.
Курсты меңгеру барысында білім алушылар өнімдерді сынау мен бақылаудың зертханалық және өндірістік әдістерін, өлшеу құралдарымен жұмыс істеуді, сынау нәтижелерін тіркеу, өңдеу және талдау дағдыларын игереді. Сонымен қатар, өнім қауіпсіздігіне тәуекелдерді бағалау, санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау және сапа бойынша шешім қабылдау құзыреттері қалыптастырылады.
Қосымша ретінде өнім сапасын бақылауда қолданылатын заманауи тәсілдер, бақылау нәтижелерін интерпретациялау, сәйкестікті растау және өнімнің өмірлік циклі барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.
Нәтижесінде білім алушылар өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды кешенді түрде меңгереді.
1.1 Оқытудың мақсаты
Өнімдерді сынау, сапасын бақылау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы білімдерді жинақтау, жүйелеу және кәсіби қызметте қолдана алу қабілетін қалыптастыру.
1.2 Оқытудың міндеттері
өнім сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы экологиялық, санитариялық, құқықтық және этикалық мәдениетті қалыптастыру; өнімдерді сынау мен бақылау бойынша кәсіби терминологияны меңгерту; стандарттау, сертификаттау және техникалық реттеу саласындағы іргелі білімдерді қалыптастыру;
өндірістік және зертханалық бақылауды жүзеге асыруға қажетті теориялық және практикалық дағдыларды дамыту.
1.3 Оқу нәтижелері
Білімдер:
өнім сапасы мен қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштері;
өнімдерді сынау және бақылау әдістері;
сапаны және қауіпсіздікті реттейтін нормативтік құжаттар мен стандарттар.
Біліктер:
өнім сапасын органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық әдістермен бағалау; сынау нәтижелерін талдау және қорытынды жасау; өнім қауіпсіздігі бойынша тәуекелдерді бағалау және шешім қабылдау.
Дағдылар:
өлшеу құралдарымен және сынау жабдықтарымен жұмыс істеу;
зерттеу нәтижелерін рәсімдеу және интерпретациялау;
кәсіби қызметте сапаны бақылау әдістерін өз бетінше қолдану.
Құзыреттер:
өнімдерді сынау, бақылау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кәсіби құзыреттерді меңгеру.
2. Пререквизиттер
Аталған МООК-ты меңгеру үшін мектеп бағдарламасы аясындағы «Биология», «Химия» пәндерінен базалық білім, білік және дағдылар қажет.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.