Варианты зачисления на курс
Шығындарды басқару
Экономика и управление
Касымова С.Б. – сеньор-лектор,
МООК сипаттамасы: «Шығындарды басқару» курсы кәсіпорын қызметіндегі шығындарды жоспарлау, есепке алу, талдау және оңтайландырудың теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Курс білім алушыларға шығындарды тиімді басқару арқылы ұйымның қаржылық нәтижелерін арттыру жолдарын үйретуге бағытталған.
Пәннің мақсаты ұйымның жұмыс істеу ерекшеліктерін, оларды есепке алу принциптерін, ұйымның шығындарын тиімді басқарудың әдістері мен құралдарын ескере отырып, шығындардың мәнін зерделеу, сондай-ақ оларды оңтайландыру, ұйымдар мен кәсіпорындардың бюджеттерін әзірлеу, қаржы ағындарын болжау және сауатты басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шығындарды талдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады
Оқу міндеттері:
- шығындарды басқарудың теориялық негіздері мен экономикалық категорияларын меңгерту; кәсіпорын шығындарының құрамын, жіктелуін және құрылымын түсіндіру; өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін үйрету;
- шығындарды жоспарлау, есепке алу және талдау тәсілдерін қалыптастыру; шығындарды оңтайландыру және азайту жолдарын анықтауға үйрету; басқарушылық шешім қабылдауда шығындар туралы ақпаратты қолдану дағдыларын дамыту;
- кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған экономикалық талдау жүргізуге баулу; студенттердің аналитикалық ойлауын және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Оқу нәтижелері: шығындар туралы теориялық білімді практикалық жағдайларда қолдануға, шығындарды оңтайландыруға, ұйымдардың бюджеттерін әзірлеуге, қаржылық ағындарды болжауға және басқарудың негізделген шешімдерін қабылдауға қабілетті
1 Пререквизит: Экономикалық талдау, Басқарушылық талдау
2 Постреквизит: Қорытынды аттестаттау
3 Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
4 Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.