Варианты зачисления на курс
Аудит 1
Финансы и учёт
Кабиева Асем Темиргалиевна – PhD, ассистент-профессор,
1. ЖАОК-тың сипаттамасы: «Аудит 1» пәні – ұйымдардың қаржылық есептілігінің дұрыстығы мен сенімділігін тәуелсіз тексерудің теориялық және әдіснамалық негіздерін меңгертуге бағытталған базалық кәсіби пән. Пән аудиттің мәнін, мақсаттары мен қағидаттарын, аудиттің халықаралық стандарттарына (ISA) сәйкес аудитті жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу тәртібін оқытады.
Курс барысында студенттер аудиттің негізгі кезеңдерін, аудиттік дәлелдемелерді жинау әдістерін, ішкі бақылау жүйесін бағалау, аудиттік тәуекелді анықтау, сондай-ақ аудиторлық қорытынды мен есепті қалыптастыру тәртібін игереді. Пән қаржылық есептіліктің пайдаланушылары үшін объективті пікір қалыптастыруға, кәсіби пайымдау мен аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған және кейінгі кәсіби пәндерді меңгерудің теориялық негізін қалайды.
1.1 Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты – ұйымдардың қаржылық есептілігін аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес тексеру бойынша кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пән мазмұны студенттерге аудитті жоспарлау, аудиттік рәсімдерді орындау, алынған аудиттік дәлелдемелерді бағалау және қаржылық есептілік бойынша негізделген аудиторлық пікір білдіру үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгертуге бағытталған.
1.2 Пәннің міндеттері:
- нарықтық экономика жағдайында аудиттің мәні, мақсаты мен рөлін түсіну;
-аудиттің халықаралық стандарттарын және оларды қолдану ерекшеліктерін меңгеру;
-аудитті жоспарлау, аудиттік тәуекелді және елеулілікті бағалау әдістерін зерттеу;
-ішкі бақылау жүйесін бағалау және аудиттік дәлелдемелерді жинау тәсілдерін игеру;
-аудиторлық есеп пен аудиторлық қорытындыны қалыптастыру дағдыларын дамыту.
1.3 Оқыту нәтижелері. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер аудитті халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастырады және жүргізеді, аудиттің негізгі кезеңдерін жүзеге асырады және қаржылық есептілік бойынша аудиторлық пікір қалыптастырады.
Алынған білім мен дағдыларды ұйымдардың қаржылық есептілігінің сенімділігін бағалау, аудит нәтижелері негізінде кәсіби қорытынды жасау, басқарушылық және экономикалық шешімдер қабылдау үшін қолдана алады. Аудиттік құжаттаманы жүргізуді, аудит нәтижелерін талдауды және бақылауды жүзеге асырады.
2. Пререквизитері. Қаржылық есеп -1
3. Постреквизиттері. Аудит 2
4. Академиялық кредит саны/ЖАОК-тың ұзақтығы: 5 кр./1 семестр
5. Курстың меңгеру деңгейі: Бұл курс студенттерге аудиттің негізгі теориялық және практикалық негіздерін меңгеруге арналған. Пән қаржылық есептілікті тексерудің әдістерін, аудиттік рәсімдерді орындау тәртібін, аудит нәтижелерін құжаттау мен қорытындылауды үйретеді. Курсты меңгеру барысында студенттер кәсіби жауапкершілік, тәуелсіздік, объективтілік қағидаттарын сақтай отырып, аудит жүргізу және қаржылық есептілік бойынша негізделген кәсіби пікір қалыптастыру дағдыларын дамытады.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.