Варианты зачисления на курс

Тағам өнеркәсібінің ферменттік препараттары
Технология и стандартизация
Агедилова Мереке Туяковна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордың м.а. , 1. Жаппай ашық онлайн курсының (МООК) сипаттамасы 1.1 Оқу мақсаты: тамақ өнеркәсібіндегі ферменттік препараттардың рөлі туралы білімді қалыптастыру, оларды технологиялық процестерді оңтайландыру, өнім сапасын арттыру және сақтау мерзімін ұзарту үшін қолдану әдістерін меңгеру. Курс тамақ өнеркәсібінің әртүрлі салаларында ферменттерді таңдау, өндіру және оларды енгізу дағдыларын дамытады. Ферменттік препараттарды қолдану арқылы инновациялық технологияларды дамытуға және олардың өндіріс тиімділігі мен азық-түлік қауіпсіздігіне әсерін талдауға ерекше назар аударылады. 1.2 Оқу міндеттері: 1. Ферменттік препараттарды өндірудің заманауи ғылыми негіздерімен және биотехнологиялық принциптерімен, олардың тамақ өнеркәсібіндегі технологиялық процестерді интенсификациялаудағы рөлімен, сондай-ақ азық-түлік технологияларында ферменттік жүйелерді әзірлеу мен қолданудың инновациялық тәсілдерімен танысу. 2. Фермент өндірушілерінің физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері, биосинтез және ферменттік белсенділікті реттеу механизмдері, ферменттік препараттарды алудың, оқшаулаудың және тазартудың заманауи технологиялары, оларды азық-түлік өндірісіндегі технологиялық процестерді оңтайландыру және интенсификациялау үшін қолдану бағыттары туралы білімді қалыптастыру. 3. Ферменттік жүйелердің тиімділігін аналитикалық бағалау дағдыларын, ферменттік препараттарды қолдану арқылы технологиялық процестерді жобалау және модельдеу, оларды қолданудың оңтайлы шарттарын таңдау, сондай-ақ ферменттік биотехнология саласындағы ғылыми-зерттеу және инновациялық дағдыларды жетілдіру. 1.3 Оқыту нәтижелері: өндіріс процестерінің сапасын, тиімділігін және тұрақтылығын жақсарту үшін ферменттерді таңдау, өндіру және пайдалану әдістерін қолданады, шикізатты өңдеу, дәм сипаттамаларын жақсарту және өнімнің сақтау мерзімін ұзарту үшін ферменттерді қолдану технологияларын әзірлейді. Пререквизиттер: Тағамдық биотехнология, Биологиялық белсенді заттардың микробиологиялық өндірісі, Тағамдық қоспалар және биологиялық белсенді заттар. Постреквизиттер:Биотехнологиялық өндірісті бақылау және бағалау, Биотехнологиялық өндірісті техникалық бақылау. 2. Академиялық кредиттер көлемі / MOOК ұзақтығы: 5 кредит / 15 апта 4. Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.