Варианты зачисления на курс

Әйелдер мен балалардың жеңіл киімдерін өндіру технологиясы
Технология легкой промышленности и дизайна
Омарова Еркежан Өмірханқызы – т.ғ.к., ассистент-профессор , 1. ЖАОК сипаттамасы: 1.1 Оқу мақсаты: «Әйелдер мен балалардың жеңіл киімдерін өндіру технологиясы» пәнінің мақсаты «6В02100 Дизайн» білім беру баңдарламасының студенттеріне әйелдер мен балалардың жеңіл киімдерін өндірудің технологиялық негіздерін жан-жақты меңгертіп, оларды өндірістік процестерде тиімді қолдануға үйрету. Бұйымдардың сапалы әрі сәндік талаптарға сай дайындалуын қамтамасыз ететін технологиялық әдістер мен операцияларды игеру. 1.2 Оқу міндеттері: • Әйелдер мен балалардың жеңіл киімдерінің техникалық нобайларын құрастыру және модельдеу негіздерін меңгерту. • Киім бұйымдарының маталарын таңдау, олардың физика-химиялық және гигиеналық қасиеттерін талдау. • Базалық және модельдік сызбаларды реттеу, лекалолар комплектісін дайындау дағдыларын қалыптастыру. • Матадан пішу, бірінші өлшемін тексеру, конструктивті ақауларды анықтау және жою технологиясын үйрету. • Кілемшелерді және негізгі, қосымша бөлшектерді өңдеу, монтаждау және соңғы ылғалды-жылумен өңдеу (ЫЖӨ) жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту. • Өндірістік технологияларды тиімді пайдалана отырып, бұйымдардың сапасы мен функционалдылығын арттыруға бағытталған практикалық қабілеттерді қалыптастыру. 1.3 Оқу нәтижелері: әйелдер мен балалар жеңіл киімдерінің техникалық нобайларын құрастыру және модельдеу негіздерін түсініп, қолдана алады; бұйымдарға арналған маталарды олардың физика-химиялық және гигиеналық қасиеттеріне сәйкес таңдап, дұрыс пайдалана алады; базалық және модельдік сызбаларды реттеп, лекалолар комплектісін дайындау дағдыларын меңгереді, матадан бұйымды пішу және бірінші өлшемін тексеру процесінде конструктивті ақауларды анықтап, оларды жою әдістерін қолдана алады, әйелдер мен балалар киімдерінің негізгі және қосымша бөлшектерін өңдеу технологияларын меңгеріп, өндірісте сапалы орындау қабілетіне ие болады; монтаждау және соңғы ылғалды-жылумен өңдеу (ЫЖӨ) жұмыстарын жүргізіп, бұйымның сапасын және пішін тұрақтылығын қамтамасыз ете алады; өндірістік процестерде технологиялық карталар мен құралдарды тиімді қолдана отырып, бұйымдардың сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл оқу нәтижелері студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырып, киім өндірісіндегі нақты технологиялық міндеттерді шешуге дайындайды. 2.Пререквизиттер. Адамнын морфологиясы мен анатомиясынын элементтері;Қолданбалы антропология негіздері; Киім бұйымдарын құрастыру, Киімді конструктивті моделдеу, тігін бұйымдарының технологиялық негіздері. 3. Постреквизиттер. Компьютерлік технологиялар модельдеу, жобалау. 4. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5 5. Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.