Варианты зачисления на курс

МІМБ инфрақұрылым
Туризм и сервис
Рахметова С.Р.сеньор-лектор, 1.МІМБ инфрақұрылым ЖАОК сипаттамасы. 1.1 Оқыту мақсаты: Пәннің мақсаты – студенттерде мейрамхана ісі мен мейманхана бизнесіндегі инфрақұрылымның негізгі элементтері, олардың қызмет көрсету сапасын арттырудағы және туристік индустриядағы маңызы туралы кешенді түсінік қалыптастыру. Пән студенттерге қонақ үй мен мейрамхана кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын, қызмет көрсету жүйесін, инженерлік және сервистік инфрақұрылымды ұйымдастыру қағидаларын меңгеруді қарастырады. 1.2 Оқыту міндеттері: - Мейманхана және мейрамхана кәсіпорындарының инфрақұрылым құрылымын түсіну; - Қызмет көрсету жүйесінің негізгі элементтерін меңгеру; - Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын ұйымдастыруды үйрену; - Қонақтарға көрсетілетін сервистік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету; - Қонақ үй және мейрамхана инфрақұрылымының халықаралық стандарттарын меңгеру. . 1.3 Пәнді оқыту нәтижелері: Білім алушылар мейрамхана және мейманхана кәсіпорындарының инфрақұрылымын ұйымдастыру қағидаларын, қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысын, материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалануды және олардың қонақжайлылық индустриясындағы маңызын түсіндіреді. 3. Курстың постреквизиттері:Қонақжайлық индустриясы негіздері. МООК-ты үйрену кезінде алынған білім, дағдылар келесі курстарды меңгеру үшін қажет: мейрамхана және мейманхана бизнесіндегі қызмет көрсету технологиялары, қонақжайлылық индустриясындағы менеджмент. 4. Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы - 5 5. Курсты оқыту деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.