Варианты зачисления на курс

Биогеохимия және экотоксикология
Химия, химическая технология и экология
Өнерхан Гүлжайна, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, 1. ЖАОК сипаттамалары 1.1 Курс мақсаты: уытты әсерлерден туындаған биосфера компоненттерінің деградациясының себептері мен салдарын болдырмау мақсатында білім алушыларда экологиялық зерттеулер жүргізу қабілетін қалыптастыру. Сондай-ақ, білім алушыларда қоршаған ортаға зиянды заттардың түсу көздері, олардың таралуы және ОЖ жай-күйіне биохимиялық баға беру қабілеті туралы білім негіздерін қалау. Қазіргі уақытта және болашақта химиялық элементтердің ОЖ-ға көшуінің негізгі жолдары бағаланады. 1.2 Курс міндеттері: - химиялық элементтердің биосферада географиялық таралуының негізгі заңдылықтарын түсіндіру; - биосфераның химиялық құраушы компоненттері эволюциясына тірі организмдердің əсері мен олардың өзара байланысын ашу; - биохимиялық процестердің ерекшеліктері мен элементтердің организмдердегі биохимиялық айналымын үйрету; - экотоксиканттардың тірі организмдерге түсу жолдары, олардың жинақталуы мен қоршаған орта мен биотаға əсерін қарастыру. 1.3 Оқыту нәтижелері: Экологиялық заңнаманың негіздерін және биосфера құрамдас бөліктерінің ластануы үшін жауапкершілік шарасын меңгереді, ластаушы заттардың және олардың метаболиттерінің қасиеттерін, сонымен қатар олардың тірі организмдерге әсер ету механизмдерін түсінеді. Топырақтың, судың және ауаның ластану деңгейін анықтау үшін диагностикалық мүмкіндіктерді пайдаланады, экологиялық жағдайды талдайды және басым ластаушы заттарды анықтайды, адам денсаулығына қауіп төндіретін факторларды бағалайды және тәуекелді азайту үшін шешімдер әзірлейді. 2. Пререквизиттері: Химия 3. Постреквизиттері: Радиокология 4. Академиялық кредиттер саны-5; ЖАОК ұзақтығы-15 минут. 5. Курстың қиындық деңгейі: орта деңгей.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.